Жүйріктер сынға түсті

Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­верси­тетінде журналистика маманды­ғы бойынша республикалық пәндік олим­пиада өтті. Бұл шара биыл XI рет ұйым­дастырылды.

Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде әр өңірден келген жас журналис­тер «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбы аясында видео сю­жеттерін көрсетсе, келесі кезеңде қаты­су­шы­лар әртүрлі танымдық тақырыптарға сәй­кес эссе жазып, жазу қабілеттері сарапқа салды.
Сайыстың екінші күні «Қазақ журналис­тикасының тарихы», «Жаңа медиа және интернет журналистика», «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тесттен өтіп, білімдері мен біліктіліктерін танытты. Республикалық пән олимпиадасының мақсаты – жас журналистердің тәжірибе алмасып, танымын кеңейтіп, шеберлігін арттыру. Журналистік қабілет-қарымды айқындап, отандық БАҚ-ты әлемдік деңгейге көтеру.
– Пәндік олимпиада өте тартысты бәсеке екенін бұрын білмеген екенмін. Жан-жақтан келген қатысушылардың білімі мен тәжірибелерімен танысып, пікір алмасудамыз. Шараны ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Халық Балжан. Республикалық пән олимпиадасының жеңім­паздары ко­мандалық есепте анықталады. Жеңім­паздар ҚР Білім және ғылым министрінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті рек­торының ­дипломдарымен ­марапатталады.

Назым САМЕТ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.