Құрманғазының ұрпақтары

d0bad183d180d0bcd0b0d0bdd0b3d0b0d0b7d18b-d183d180Соңғы жылдары күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өміріне және оның ұрпақтарына қатысты тың деректер табылуда. Айталық, «Атырау» газетінде Шаттық Досқайырқызының «Құрманғазының ұрпағы арамызда жүр» (18 наурыз, 2006 ж.), белгілі журналист Рахмет Иманғалиевтің «Атырау» газетінде «Құрманғазының шөбересі Аққыстауда тұрады» (28 шілде, 2007 ж.), «Құрманғазы: ақиқат пен аңыз» (3 қараша, 2007 ж.), «Ана тілі» газетінде «Құрманғазының жыры мен мұңы» (20 қараша, 2008 ж.) атты мақалалары жарияланған болатын. Құрманғазының ұрпақтары жөніндегі ізденістер одан әрі жалғасуда. Біз төменде Атырау өңірінің тарихы мен шежіресіне, рухани мұрасына қатысты тақырыптарға қалам тербеп жүрген Мұрат Бектеновтің ұлы күйшінің ұрпақтарына қатысты деректерді толықтыра түсетін мақаласын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Осыдан екі жыл бұрын Исатай ау­данының орталығы Аққыстауда жол жиегінде машинамен жанармай сатып тұрған бір жігітті кездестірдім. Машинама жанармай құйып болғасын одан аты-жөнін сұрадым. Өйткені ол маған тектінің ұрпағындай көрінді, түр-тұлғасы, сом денесі, бет-пішіні тегін адам емес екендігін көрсетіп тұрғандай еді.
– Аға, мен өзіңізді сырттай танимын, бірақ сіз мені білмейсіз. Мен Астрахань жағынан келгенмін, зайыбым Орынгүл – осы ауылдағы Мұханбетқалиев Темірханның қызы.
Ал мен оған өзін бір көргенде-ақ тектінің тұяғы сияқты көрінгенін айттым. Жігіт күлді де: «аты-жөнім Кәкім Құрманғазиев, кәдімгі күйші атаның шөбересімін, Құрманғазының Қази, Құбаш деген ұлдары болған, мен сол Құбаштан өрбіген ұрпақпын» демесі бар ма!
– Құрманғазы атаның ұрпағын көріп тұр­ғаным рас па? – деп қуанғаннан құшақтай алдым. Өзім Нарын құмында туып-өскен­діктен ұлы күйшінің күйлерін көкірекке жаттап қана қоймай, шежіре қарттардың таңға айтатын әңгімесін тыңдап қалғандықтан, Құр­манғазының ұрпағын көруді армандаушы едім. Қараңызшы, міне, шөбересімен кездесіп тұрмын.
Осы күтпеген кездесу туралы Құрманғазы атамыздың өмірін зерттеп жазып жүрген жазушы Ләтифолла Қапашевқа телефон шалдым. Ол Астрахань облысы, Володар ауданы өңірін­де туып-өскен. Құрманғазы өмірінің соңғы кездері осы жақта өткені белгілі. Менің жақсы хабарыма жазушы ағамыз да елең ете түсті. Ол Кәкіммен қалайда кездесу керектігін айтты. Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының бас режиссері Чапай Зұлқашовқа Кәкімді ертіп барып таныс­тырдым, ол күйшінің ұрпағын Құрманғазыша киіндіріп, сақал-мұртын қондырып суретке түсіріп алып, бейнесін көргенімізде Чапай таң-тамаша болды.
– Мынау қолдан сомдалған емес, нағыз күйші Құрманғазының өзі ғой! – деді. Ақын Қойшығұл Жылқышиев та «Кәкім аумаған Құрманғазы ғой, күйшінің өзін көрмесек те, көңілде жатталған бейнені сол күйінде көргендей болдық» деді. Осы суретті Қаршыға Ахмедияровқа жібердім. Кәкім былтыр Алматыға барып, Ләтифолла Қапашевпен кездесіп, екеуі Қазақстан Жазушылар ода­ғында, Құрманғазы атындағы консерваторияда болады. Сол жолы Қаршыға іссапарда болып, онымен жолыға алмайды. Кейін Қаршыға туған жеріне соңғы рет келгенде ол жігітпен кездескісі келгендігін айтты. Кәкім ауысымды жұмыста болды да, кездесудің сәті түспеді.
2009 жылы мамыр айында Ләтифолла ағамыз екеуміз Құрманғазы, Дина, Аманғали, Ерғали тәрізді аты аңызға айналған адам­дар­дың жүрген жолдарымен Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала, Жалпақтал, Ескі Таловка, Көктерек, Мәстексай елді мекендерін араладық. Құрманғазы қайтыс болғаннан соң ұлы Қази мен әйелі Әуес, екі қызы Көктерекке көшіп келген. Әуес ана осы жақта дүниеден өтеді. Ал Құрманғазының інісі Байғазының ұрпағы Самара облысына қарай қоныс ауда­рады.
– Кішкентай кезімде әкем екеуміз Самара жаққа барып, ағайындарда екі-үш күн қонақ болғанбыз. Бірақ есімде ештеңе қалмапты. Орыс жерінде өсіп, орысша тәрбие алғандық­тан, кезінде көп нәрсеге мән бермеппіз ғой. Тек артынан кеш түсініп, өкініп жүрмін, – дейді Кәкім әңгімесінде.
Құрманғазының туған жері Бекетай құ­мындағы Жиделіден біздің Айбас ауылы­ның арасы алпыс-ақ шақырым еді, көрші­лес, іргелес ауылдың адамдары бір-бірімен құдандалы, тума-туыс болғандықтан ұлы күйші туралы әңгімені шежіре қарттар майын тамызып айтар еді. 1978 жылы анамыз Марфуға екеуміз Жаңақалаға бара жатқанда Елтай елді мекенінің батыс жағында Қостан деген жердегі бір үйде түстендік. Отағасы Дүзбаев Бұқар (1914 жылы туған) соғысқа қатысқан. Ол кісі Құрманғазының тек қана күйші емес, ақын әрі батыр болғанын айта келіп, былай деген еді: «Құрекенің жалды Құрманғазы атанғаны жөнінде ел ішінде көп тараған. Мен тек қана сол әңгімелердің бір-екеуін ғана айтайын. Құрманғазының өз нағашысы Беріш Бесқасқа руының Қараша атасынан Мәтіғұл, яғни оның қызы Алқа күйшінің анасы, ал қарт нағашылары Таз руынан шыққан батыр Төремұрат әкесінің апалары болып келеді. Сағырбайдың әкесі Өтепберген Мәтіғұлмен бесік құда болады. Алқа тұрмысқа шыққан соң күйеуі Сағырбайға «саған алты Алашқа танымал ұл тауып беремін» дейді. Алқа бала көтергенде босанатын күні асып кетеді, одан қорыққан енесі молдаға барып кітап аштыртады (Жұбан молда болса керек). Молда: «екі баланың салмағындай ұл бала дүниеге келеді, келін жеке үйде өзі босанып, баласының кіндігін өзі кессін, қырық күн ешкім көрмесін, арқасында омыртқасын қуалай өскен жалы болады» деген екен. Сол айтқаны рас болып, жалды Құрманғазы атануы да содан шығар». Өздері Қамыссамар көлдерінің оңтүстік-батыс жағында алпыс шақырымдай жерде болған, Сағырбай қыстауы сол маңда, Сағырбайдың зираты, атақты күйші Ар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.