Метеорология да бір ғылым

Бұлттарға және жауын-шашынға ра­дио­локациялық бақылауды метеоро­логиялық радиолокаторлардың (МРЛ) операторлары жүргізеді, аппаратураның жұ­мысын техникалық бақылаудан басқа олардың міндетіне индикаторлық қон­дырғыларда алынған информацияны шешу, оны физикалық жағынан талдау кіреді.
Мәселе мынада: МРЛ бұлттардың және жауын-шашынның шын мәніндегі бет-бейнесін емес, тек олардың радио­жаңғырығын – электронды-сәулелі трубканың экранында сәу­леленген электр сигналдарын ғана тіркейді. Осы сигналдардың жиілігі және басқа да объективті белгілер (радиожаңғырықтың көлемі, оның кеңістіктегі орны және басқалар) бойынша оператор бұлттардың түрлерін және олар әкеле жатқан жауын-шашынды – нөсерді, өткінші жаңбырды немесе ақ жауынды, бұршақты анықтауы керек. Байқалған объектілердің бағыты мен ауысу жылдамдығын да, оларға дейінгі қашықтықты да соның өзі бағалауы тиіс. Осы мәліметтер синоптиктерге және радиометеорологиялық информацияның басқа да тұтынушыларына хабарланады және одан әрі талдау үшін картаға түсіріледі. Оператордың жұмысы күрделі әрі жауапты, ол аса үлкен ыждағаттылықты, бақылаудағы құбылыстардың табиғатын жақсы білуді және локатордың экранында көрінген жағдайдың ұдайы өзгеріп отыратынына тез ыңғайлану машығын талап етеді.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.