Үш биге арналған ескерткіш

Биыл ұлы дала даналарының бірі Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойы. Бұл айтулы дата — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2019-2021 жылдары өткізілетін  мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне енгізілген. Аталған шараға байланысты ұлттың ұлы билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болмақ.

Халықаралық «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры орнатқан ескерткіштің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысады. Жұртшылық назарына концерттік бағдарлама, ұлттық спорт ойындары ұсынылып, ұлы билерге арналған ас берілмек. Ел өміріндегі маңызды рухани шара 27 сәуір күні сағат 10:00-де Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының 45 шақырымындағы Сарапхана ауылына өтеді.
Айта кетейік, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жариялан­ғандықтан «Жастар саябағына» ескерткішті орнату идеясын ойластырып, тұғырына қондырған белгілі ұлтжанды азамат, мемлекетшіл қайраткер, заң ғылымының докторы, профессор Бекет Тұрғараев. Былтыр «Бабалар рухына тағзым» кешеніне Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық мерейтойына орай Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүр ескерткіштері орнатылған болатын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.