Құс жұмыртқасы

Құс жұмыртқасы және оның басы мерзімі әрқалай болып келеді. Жұмыртқа мөлшері әртүрлі себептерге байланысты әр құста түрліше болады. Салмақтары бірдей болса да кейбір құстардың жұмыртқасы көлем жағынан бірдей бола алмайды.
Мысалы, көкектің де, тауқұдіреттің де салмағы 100 грамм шамасында, алайда тауқұдірет жұмыртқасының сал­мағы 17 грамм, ал көкектігі 3-ақ грамм болады. Кейбір құстардың салған жұ­мыртқасының жалпы саны салмағы жөнінен құс салма­ғынан артық болады. Сұқсыр үйрек 12 жұмыртқа салады, әрбір жұмыртқаларының салмағы құс денесінің салмағына шаққанда 125 пайыз, корелектікі (11 жұмыртқа) – 120%, таратпа балықшынікі (12 жұмыртқа) – 117%, гоголь үйректігі (12 жұмыртқа) – 110% және тағы басқа болып келеді.
Құстардың жұмыртқа басу мерзімі әр құста әртүрлі болады. Ұсақ торғайлар 9-14 күнде, қара тоқылдақ – 14, ала қарғалар – 17, құзғын қарғалар – 20, бөктергілер – 28, қаршығалар – 31-35, бүркіттер – 43, тауқұдіреттер – 17-18, бөденелер – 20-21, сұр құрлар – 21, дала қаздары – 25-28 күнде балапан шығарса, қара қулар – 30-40, түйеқұстар 42 күнде басып шығарады. Үй құстары: тауықтар 21 күнде, үйректер – 28, қаздар – 29-30, күркетауықтар 28-29 күнде балапан шығарады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.