И мен У-ды қысқарту тиімді ме?

И мен у-дың жаңа емлесіндегі қайшылықтар. Латын негізді әліпбиге дайындалған жаңа емлеге «ій, ый тіркестері и-мен, ұу, үу тіркестері у-мен белгіленеді» деген бүгінгі қолданымдағы ереже өзгеріссіз енгізіліпті. Бұл ереже төмендегідей қайшылықтарға душар етеді.
Қазақ тіліндегі «Екі дауысты қатар келмейді» деген заңдылық бұзылады.

Мысалы, бие сөзінде и мен е, ал суат сөзінде у мен а қатар келіп тұр.
«Бірінші буыннан басқа буын дауыстыдан ­басталмайды» деген заңдылық бұзылады. Мысалы, бие, суат сөздерінің екінші буындары (би-е, су-ат) дауыстыдан басталып тұр.
Бірінші буындағы и мен у-дың жуан не жіңішке оқылатыны белгісіз болады. Мысалы, ми сөзінің оқылуы мій ме, мый ма?
И мен у-ды қысқарту тиімді ме? Жоғарыдағыдай қайшылықтарға байланысты ғалымдардың бірқатары и мен у-ды қысқартып, и-ді ій, ый, ал у-ды ұу, үу тіркестері түрінде жазуды ұсынып жүр. Алайда бұл жағдайда шетел сөздері мен терминдер халықаралық қалыптан бөлек әрі шұбалаңқы жазылады (мысалы, институт сөзі ійнстійтүут деп жазылады). Соған орай олар «и мен у-ды қазақ сөзінде қолданбай, шетелдік сөздерде ғана қолданайық» дейді. Бірақ онда қысқартпаған болып шықпаймыз ба? Сондай-ақ кез келген адам сөздің шетелдік, шетелдік еместігін айыра ала ма? Демек, и мен у-ды тіркес күйінде жазу да тиімді емес.
Не істеу керек? Сонымен, и мен у-ға қатысты бұл екі ұстанымның екеуінің де кемшіліктері бар. Соған байланысты емлешілер: «Қазіргі ережеміз жазуға қиындық келтіріп жүрген жоқ, сонымен жүре берейік» дейді. Алайда бастауыш сынып мұғалімдері ережені меңгерту кезінде қиындықтар кезігетінін айтады. Тіпті қиындық болмағанның өзінде де ереженің тіліміздің заңдылықтарына қайшы келуін ақтауға болмайды.Сондықтан екі тараптың да уәждері ескерілген жаңа ұстаным табу жөн деп есептейміз. Біз бұл мақаламызда сондай ұстанымдардың бірін ұсынып отырмыз. Ол бойынша емлешілер ережесіне екі өзгеріс жасалады.
Бірінші өзгеріс. Бійлік, бійік сөздерін буынға бөліп айтайық: бій-лік, бі-йік. Бұлардың біріншісінде ій тіркесі бір буында айтылса, екіншісінде і мен й екі буынға бөлініп айтылып тұр. Яғни сөздегі ій тіркесі бір буында айтылуы да, екі буынға бөлініп айтылуы да мүмкін. Ал и-ге келсек, ол да біздің ій тіркесімізге ұқсап естіледі, бірақ мұндағы і мен й тек бір буында айтылады. Демек, и әрпімен ій тіркесінің бәрін бірдей белгілей беру дұрыс емес, бір буында тұратындарын ғана белгілеуге болады. Яғни «бійлік» сөзін «билік» деп жазуға болады, ал «бійік» сөзін «биік» деп жазуға болмайды. Мұндай қорытынды ый, ұу, үу тіркестері үшін де орынды. Олай болса, емлешілер ережесіндегі «ый, ій тіркестері и-мен, ұу, үу тіркестері у-мен белгіленеді» дегенді «ый, ій тіркестерінің бір буында тұрғаны и-мен, ұу, үу тіркестерінің бір буында тұрғаны у-мен белгіленеді» деп өзгерту керек. Сонда бұл ереже бойынша сақыйна, асұу, ійнстійтүут деп айтылатын сөздердегі ій, ый, ұу, үу тіркестері бір буында тұрғандықтан бұл сөздер сақина, асу, институт деп жазылады. Ал ійе, Ғалыйа, сұуат, жүрүуі деп айтылатын сөздердегі ій, ый, ұу, үу тіркестері екі буынға бөлініп кететіндіктен, бұл сөздер айтылуы бойынша жазылады. Бұл өзгеріс емлешілер ережесіндегі алғашқы екі қайшылықтан құтқара отырып, шетел сөздері мен терминдерді халықаралық қалыпқа барынша жақындатып жазуға мүмкіндік береді.
Екінші өзгеріс. Ій, ый тіркестерін и-мен белгілегенде біріншіден басқа буындағы и-ді буын үндестігіне сай оқимыз, бірақ бірінші буындағы и-дің жуан не жіңішке оқылатыны белгісіз болады. Бұған ережеге берілген «сый, тый сөздері тіркес арқылы жазылады» деген ескерту де көмектесе алмайды. Мысалы, ми, жи сөздерінің жуан не жіңішке оқылатынын айыра алмаймыз. Бұл орайда емлешілер «қазақта мій, жій деген сөз жоқ болғандықтан бұл сөздерді мый, жый деп оқимыз» деген уәж айтады. Бірақ мій деп оқылатын ми нотасы, жій деп оқылатын жи әрпі оқушыларға кейбір пәндерді оқу барысында кездесетінін ескерсек, бұл сөздердің мій, жій деп оқылмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол сияқты уһ сөзін де біреу жуан, біреу жіңішке оқиды. Соған байланысты біз ескертуді «бірінші буындағы ый, үу дыбыс тіркестері тіркес күйінде жазылады» деп өзгерттік. Ол бойынша сый, тый сөздерімен қатар мый, қый, гүу, үуһ, тағы сол сияқты сөздер де айтылуынша жазылады. Бұл өзгерістің пайдасы бірінші буындағы и жіңішке, ал у жуан оқылады деген келісім жасау арқылы емлешілер ережесіндегі үшінші қайшылықтан арылуға қол жеткіземіз.
Жоғарыдағы өзгерістерді енгізгенде сөз айтылуынша жазылатын болғандықтан ережені қолдану қиындық келтірмейді. Бұған біз көптеген адамдарға ол бойынша жазғызып қарау арқылы да көз жеткіздік.
И мен у-дың бір-бір таңбамен берілуіне көзқарас. Қолданымдағы әліпбиде и екі түрлі таңбамен (и, й), ал у бір таңбамен беріліп келсе, жаңа әліпбиде екеуі де бір-бір таңбамен берілген. Мұны біз де қолдаймыз. Өйткені бұл оқу, жазуды және үйренуді жеңілдетеді. Бірақ емле ережесіндегі оларға берілген әрі дауыссыздың, әрі тіркестің таңбасы деген түсінікті көңілге қонымды дей алмаймыз. Біздіңше, и мен у-ды бір-бір таңбамен белгілейтін болсақ, бұлай етудің орындылығына сендіретіндей басқаша түсіндірме берілуі қажет деп есептейміз.

Қуантқан Ванов
Ақтау

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

29 Пікір

  1. QAZAQ

    Жазу ережелерін жасамас бұрын тілімізде қандай дыбыс қолданатынымызды анықтаған жөн ғой. Қазақ-кирил жазуымыздағы 42 әріптен В, Ё, И, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ь,Ъ, Э, Ю, Я — барлығы 14 әріпсіз жазуымызға болады. Ендігі мәселе, тілімізде жұмсақ және қатты естілетін дыбыстар (айтылатын сөздер) бар: Ә-А, Ғ-Г, Қ-К, І-Ы, Ү-Ұ, Ө-О. Жұмсақ естілетін сөздің басына шартты (мысалы, `) таңба қойып, ұқсас: бірі жұмсақ — бірі қатты естілетін Ә-А, Ғ-Г, Қ-К, І-Ы, Ү-Ұ, Ө-О дыбыстардың кейбіріне ортақ таңба арнасақ, болашақ әліпбиімізде кемінде тағы 2-3 әріп қысқартуға болмас па еді?

  2. QAZAQ

    Cөзіміздегі Й және У дыбыстардың «ұзақтығын» нота дыбыстары секілді (-ій, -ұй, -ый, -ұу, -үу, т.б.) жазған қате деп санаймын. Тілі мүкіс ие мазақ ретінде қате оқығысы келген адамды күштеп жөндей алмасың. Тілі мүкістерді логопед емдесін.

  3. Латын-2019

    1. Aa — a
    2. Bb — б
    3. Cc — ш
    4. Dd — д
    5. Ee — е
    6. Gg — г,ғ
    7. Iı — и,й
    8. Jj — ж
    9. Kk — к,қ
    10. Ll — л
    11. Mm — м
    12. Nn — н
    13. Oo — о
    14. Pp — п
    15. Rr — р
    16. Ss — с
    17. Tt — т
    18. Uu — у
    19. Yy — ы
    20. Zz — з
    21. Áá — ә
    22. İi — і
    23. Ńń — ң
    24. Óó — ө
    25. Úú — ұ
    26. Ýý — ү

    Қазақ жазуы ықшам әрі көзге жағымды болуы керек.
    Kk мен Gg — таңбалары жуан дауыстылармен: (а, о, ұ, ы) — қ мен ғ боп оқылады, жіңішке дауыстылармен: (ә, ө, ү, і, е) — к мен г боп оқылады.
    Bagdarcam (бағдаршам), korgan (қорған), kógercin (көгершін), kerege (кереге).
    ұу,үу — тек бір латын таңбасымен U жазылады, suyk (суық), kýtu (күту)
    ый,ій — тек бір латын таңбасымен I жазылады, bıik (биік), ınelik (инелік)
    Созып жазғаннан біз ештеңе ұтпаймыз

  4. Латын-2019

    Kalkaman Sarın. Kóktem

    Jýregime jyr kúıyp kókten sarnap,
    Mynau – meniń kústarym jetken samgap.
    Kara jerdiń kaıgysyn seıiltedi,
    Kanatynan kýmis núr kóktem saulap.
    Sogady álsiz jibekteı jel júmsaryp,
    Júpar emip jibıdi bel busanyp.
    Sagynyctyń tamcysyn kókten ýzip,
    Sal-kóktemge jylaıdy jer múń cagyp.
    Sabagynan sygalap san myń býrcik,
    Tal, terekke koltańba kaldyrdy cyk.
    Kóktem men jaz, kýz ben kys órnek salar,
    Cyr aınalgan dýnıe-aı, tagdyrly úrcyk.
    Kýn kózinen kýreń búlt ýrkip kacyp,
    Jer kóktemge ólerdeı yntyk, gacyk.
    …Kári kystyń ketkisi kelmegendeı,
    Bir aıagyn barady syltyp basyp.

  5. QAZAQ

    «Жұмсақ естілетін» сөздердің алдына (мысалы ‘)белгі қойып Қ-К мен Ғ-Г секілді, А-Ә, Ы-І, Ұ-Ү, О-Ө әріптеріне ортақ таңба пайдалануға болмас па екен?

  6. QAZAQ

    соқыр, ‘қопыр-(сөздің алдында белгі болғандықтан «көпір» болып оқылмай ма), құт, ‘құт(күт), тақ, ‘тақ(тәк), құн, ‘құн(күн)

  7. QAZAQ

    тос,’тос(төс), қыр,’қыр(кір), сұр,’сұр(сүр),… тұу мен тіу, қый мен кій «мәселесін» де шешіп қалуы мүмкін болар.

  8. QAZAQ

    Екі түрлі оқылатын (қазір-қазыр, қадір-қадыр) сөздерін жазып-оқуды да «жеңілдетеді» деп ойлаймын.

  9. Латын-2019

    Kyı (қый)
    Kı (ки-кій)
    Tyı (тый)
    Tı (ти-тій)
    Syı (сый)
    Sı (си-сій)
    Myı (мый)
    Mı (ми-мій)

    Aıu (аю)
    Oıu (ою)
    Jıu (жию)
    Baıu (баю)

  10. QAZAQ

    қйу(қыйу) -‘қйу(кійу), тйу(тыйу)-‘тйу(тійу)…

  11. Латын-2019

    Kazak tili. Magjan Júmabaı

    Kýc kemidi, aıbyndy tu kúlady,
    Kece batyr — býgin korkak, búgady.
    Erikke úmtylgan úckyr jany kisende,
    Kan suyngan, jýrek solgyn sogady.

    Kyran kústyń kos kanaty kyrkyldy,
    Kýndeı kýcti kýrkiregen el tyndy.
    Askar Altaı — altyn ana este jok,
    Batyr, handar — askan jandar úmtyldy!

    Erlik, eldik, birlik, kaırat, bak, ardyń —
    Jauyz tagdyr joıdy bárin ne bardyń…
    Altyn Kýnnen bagasyz bir belgi bop,
    Núrly júldyz — babam tili, sen kaldyń!

    Jaryk kórmeı jatsań da úzak, keń tilim,
    Taza, tereń, ótkir, kýcti, keń tilim,
    Taralgan týrik balalaryn bauyryńa
    Ak kolyńmen tarta alarsyn sen, tilim!

  12. QAZAQ

    Қазақ’тылы». Мағжан Жұмабай.’Құш ‘кемыды. Айбынды ту құлады. Кеше батыр — ‘Бұғын қорқақ, бұғады…

  13. QAZAQ

    Қазақ’тылы». Мағжан Жұмабай.’Құш ‘кемыды. Айбынды ту құлады.’Қеше батыр — ‘Бұғын қорқақ, бұғады…

  14. QAZAQ

    Қазақ ’тылы. Мағжан Жұмабай.’Құш ‘қемыды. Айбынды ту құлады.’Қеше батыр — ‘Бұғын қорқақ, бұғады. ‘Ерыққе ұмтылған’ұшқыр жаны ‘қысенде, Қан суынған, ‘жұрек солғын соғады. Қыран құстың қанаты қырқылды,’Құндей ‘құшты ‘құрқұреген ел тынды…

  15. QAZAQ

    Тіліміздің үндестік қасиетін жазуымызда пайдалансақ А-Ә, Ғ-Г, Қ-К, О-Ө, Ы-І, Ұ-Ү әріптеріне ортақ таңба пайдаланып (‘ таңбасын қоса есептегенде 42-14-6+1#23) 23 латын таңбалы әліпби жасауға келмей ме?

  16. Оқушы

    Барұу, берүу, алұу және т.б сөздер дұрыс жазылмаған. Себебі ұу,үу дифтонгтары тек бірінші буында кездесе алады. Басқа буындарда ыу,іу жазылады. Демек дұрыс жазылуы: барыу, беріу, алыу болады.

    барЫп — барЫу — барЫс
    берІп — берІу — берІс
    алЫп — алЫу — алЫс

  17. Оқушы

    У жайында Ақмет атамыздың жазып кеткені:

    «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» деген сөздерді «сұу», «шұу», «тұу» деген сияқты етіп, аяғына ұу келтіріп жазамыз деушілер бар. Тіпті жалғыз ғана «у» келтіріп жазамыз деушілер бар. Олардың бəрі де жете тексермегендіктен айтылып отырған сөздер. «Алып» демей, «алұп» деп, «асып» демей, «асұп» деп, «барып» демей «барұп» деп, «келіп» демей, «келүп» деп жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады. Олай жазбай, алып, асып, барып, келіп деп жазатын болсақ, «у» дың алдына «ұ»(ү) жазудың орны жоқ. Мұндай «у» сөздің аяғына «п» есебінде қосылып тұрған дыбыс немесе «алыс, беріс, барыс, келіс» дегендері сөздердің ішіндегі «с» есебінде қосылып тұрған сөз. «Алыс» деген «алыу» деген, «барыс» деген «барыу» деген, «келіс» деген «келіу» деген сөздердегі айырым аяқ дыбыстарында ғана, басқа жерінде айырым жоқ. Егер алұс, барұс, келүс деп жазсақ, онда алұу, барұу, келүу деп жазу дұрыс. Бірақ «алұс», «барұс», «келүс» деп айтпаймыз ғой. Егерде «ұ»(ү) мен «ы»(і) дүдəмəл естілетін болса, ол дүдəмəлдік «ы» жағына қарай шешіліп отырады ғой. Мəселен: «тан» деген, «таны» деген, «жан» деген «жаны», «тас» деген «тасы» деген сөздерді алып, аяқтарына «п», «c», «у» қосып туынды сөз жасасақ, аяғы дауысты дыбыс болса, осы дыбыстарды қосамыз да қоямыз. Аяғы басқа дыбыстар болса, «ы» арқылы қосамыз: танып, таныс, таныу, жанып, жаныс, жаныу, тасып, тасыс, тасыу. Осында «у» дыбыстың келіп кірерлік орны бар ма? Қай жерден келіп кіріспекші?
    Ақмет Байтұрсынұлы

  18. Оқушы

    Институт, университет сөздеріндегі и мен у-ды созып жазудың қажеті жоқ. Кірме сөздерді тілімізге бейімдеп енгіземіз, сонда:
    Институт — Інстітүт (İnstitüt) немесе Енстетіт (Enstetit)
    Университет — Үніверсітет (Üniversitet)
    Республика — Респүблік (Respüblik) деп бейімделіп жазылады.

  19. QAZAQ

    ұу,үу,іу,ыу сол секілді ұй,үй,ій,ый дифтонгтарды жазудың себебі у немесе й жазылған сөздердегі дыбыстарды «дұрыс» оқытуда болып тұрған секілді. «Теріс» оқығысы келген адам қалай жазылса да, тіпті зорлап оқытсаңда «қате» оқиды. Оларға немесе тілі мүкіс адамдарға бола жазуымызды қосымша ереже жасап созу керек емес. Жұмсақ оқылатын сөздердің алдындағы (`) белгі аз болса да жәрдемдеспей ме. «Бірінші буыннан басқа буын дауыстыдан ­басталмайды» деген заңдылықты жаңа емлеге кіргізбеген жөн. Бұрынғы жазу заңдылықтары арап-кирил графикасына ғана емес, олардың грамматикасына да бағынышты болғанын ашық айтуымыз керек. Болашақ қазақ жазуына латын графикасын ғана (еуропалықтардың грамматикасы емес) пайдаланғанымыз жөн. Жаңа емлені жазуды бұрынғысынан көшіріп түзетпей, таза беттен бастау керек. 22 әріп пен жұмсақ естілетін сөздердің басына қоятын (`) таңбамен барлығы 23 таңбалы әліпби болашақта қазақша жазуға пайдаға аса ма?

  20. QAZAQ

    Төмендегі 22 таңбалы әліпби («Жұмсақ естілетін» сөздердің алдына » ‘ » белгі қойып жазса):————

    1. Aa — a(ә)
    2. Bb — б
    3. Cc — ш
    4. Dd — д
    5. Ee — е
    6. Gg — ғ(г)
    7. Iı — и,й
    8. Jj — ж
    9. Kk — қ(к)
    10. Ll — л
    11. Mm — м
    12. Nn — н
    13. Oo — о(ө)
    14. Pp — п
    15. Rr — р
    16. Ss — с
    17. Tt — т
    18. Uu — у
    19. Zz — з
    20. İi — ы(і)
    21. Хх — ң
    22. Yy — ұ(ү)
    қазақ тілін қамтымай ма?

  21. QAZAQ

    Немесе осылай өзгертуге болар еді:

    7. Іi — и,й
    20. Ww — ы(і)

  22. QAZAQ

    Әліде қажеті болса Ff, Hh, Hh, Vv латын таңбаларын пайдалануға болады.

  23. QAZAQ

    Пайдаланылмай қалған төртінші латын таңбасы: Qq

  24. QAZAQ

    Мақаланы ертеректе оқығанмын: дыбыстарды басқа түркі халықтарының жазуымен салыстырған. У мен Й дыбыстарын 2 түрлі етіп жазу туралы әңгіме қозғалған, ал оның себебі меніңше араб жазу ережелерінен бастау алатынына ұқсайды. Әріп — ұзақ немесе қысқа оқытқызу үшін қосымша таңба қоятын музыкалық нота емес, жазуымызды «күрделендіріп», оған қосымша ереже жасаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Қосымша ереже жазылғасын, ол пайдаланушыны «қосымша қате» жасауға жетелейді. Дыбыстарды таңбалау маман-ғалымдардың жұмысы ғой. «Жұмсақ» айтылатын сөздердің басына (`) белгі қойып, мен ұсынған 22 таңбалы әліпбидің қазақ сөзін жазуға әлі келе ме?

  25. LATYN COBASY-2019

    Aa — a
    Ää — ә
    Bb — б
    Cc — ж
    Dd — д
    Ee — е
    Ff — ф
    Gg — г
    Ğğ — ғ
    Hh — х
    İi — і
    Iı — и
    Jj — қысқа й
    Kk — к
    Ll — л
    Mm — м
    Nn — н
    Ńń — ң
    Oo — о
    Öö — ө
    Pp — п
    Qq — қ
    Rr — р
    Ss — с
    Śś — ш
    Tt — т
    Uu — у
    Úú — ұ
    Üü — ү
    Vv — в
    Ww — қысқа у
    Yy — ы
    Zz — з

  26. LATYN COBASY-2019

    QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŃ ÄNÚRANY

    Altyn kün aspany,
    Altyn dän dalasy,
    Erliktiń dastany,
    Elime qaraśy.

    Ecelden er degen
    Dańqymyz śyqty ğoj.
    Namysyn bermegen
    Qazağym myqty ğoj.

    Qajyrmasy:

    Meniń elim, meniń elim,
    Güliń bolyp egilemin,
    Cyryń bolyp tögilemin, elim,
    Tuğan cerim meniń — Qazaqstanym!

    Úrpaqqa col aśqan
    Keń bajtaq cerim bar.
    Birligi carasqan
    Täwelsiz elim bar.

    Qarsy alğan waqytty
    Mäńgilik dosyndaj,
    Bizdiń el baqytty,
    Bizdiń el osyndaj.

    Qajyrmasy:

    Meniń elim, meniń elim,
    Güliń bolyp egilemin,
    Cyryń bolyp tögilemin, elim,
    Tuğan cerim meniń — Qazaqstanym!

  27. LATYN COBASY-2019

    LATYN COBASY-2019 TÜSİNDİRME:

    Диакритикалық, қосымша таңбалар саны: 8 жұп (Ää Öö Üü Úú Iı Ńń Ğğ Śś)

    Uu — таңбасы қазақ сөздеріндегі ұу, үу тіркестері мен кірме сөздердегі дауысты у дыбысын білдіреді.
    Iı — таңбасы қазақ сөздеріндегі ый, ій тіркестері мен кірме сөздердегі дауысты и дыбысын білдіреді.
    Сонда әліпбиімізде дауысты дауыссыз дыбыстары бөлек таңбаланады.

    Uu — у дауысты (bağynu-бағыну)
    Ww — ў дауыссыз (qaraw-қараў)
    Iı — и дауысты (bılik-билік)
    Jj — й дауыссыз (saraj-сарай)
    Тек киім, биік деген сияқты сөздер kıim, bıik деп емес kijim, bijik деп толық дифтонгты созып жазамыз.

    Жұп дауыстылар белгіленуі: төл дауыстылар саны 9 + 2 дауысты кірме сөздер мен терминдер үшін, сонда 11 дауысты:
    a-ä / e
    o-ö
    ú-ü / u
    y-i / ı

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.