Мүсін өнері

Мүсін – ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «Sculpere» – «қашау» деген сөзінен шыққан.
Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояулар. Сурет­шілер сол арқылы бояу әлемінің сұлу­лығын ашады.
Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз ылғи бір қырынан бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көреміз.
Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған бейненің мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет-әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз. Тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.