Сыйластыққа не жетеді…

Кейіпкерімізді Ескелді ­ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы үлкен ашық базардың жанындағы шағын жеке дүкенінен жолықтырдық. Мейірімі жүзінен көрініп тұрған жан, әр келген тұтынушылармен жылы сөйлесіп, бауырына тарта жауап қатып тұрды.

Осыған дейін есім-сойымын сырттай естіп, еңбегіне қанық болғанбыз. Тұтынушылардың басым көпшілігі «Алена» деп танитын жанның шын есімі – Альфия Амангелдіқызы. Ол 1969 жылы дүниеге келген. Әкесі – қазақ, анасы татар ұлтынан. Инженерлік-техникалық техникумды тамамдаған. Бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жан. Бизнеспен айналысқанына да жиырма жылға жуық уақыт болды.
– Өлшеулі өмірде бәрімен сыйласып өткім келеді. Адамдардың достыққа деген махаббатын жоғары бағалаймын. Жарым Алексей Цой екеуміз екі бала тәрбиелеп отырмыз. Тұңғышымыз Айна Балтабекова Семейдегі медицина университетінде оқиды, екіншісі Александр Цой Талдықорғанда, «Жетісу» телеарнасында жұмыс істейді. Оларға да үнемі адалдық турасында, өмірге құштарлық, жақсы адам жөнінде айтып отырамын. Жақсылыққа жаны құмар жанның жүзі жылы, келбеті көрікті, – дейді кейіпкеріміз. Жолдасы Алексей де жеке кәсіптің тұтқасын ұстаған азамат. Ауыл шаруашылығымен айналысады.
Тұтынушы Әлия Қабдешқызы: «Маңайдағы адамдардың бәрімен дос. Көп ішінен ерекшеленіп тұратын жан» деп баға берді. Бүгінгі әңгімемізге өзек болған отбасы нағыз бірліктің бейнесіндей.

Қали АСҚАР

Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.