Естілікті қалай күшейтуге болады?

Бір кездерде көп адам жиналып мектепте оқудың қажеті болмайтын шақ та келер. Шет тілдер мен математика, не тарих тәрізді пәндерді ұзақ уақыттар бойы оқып, үйренудің қажеті де болмас.
Тиісті білім негіздерін алу үшін біреу­дің (не полиглоттың, не тарихшының) орга­низмінен сорып алынғандай сығынды – химикалиді – егетін «әдеттегідей» екпе берілсе жеткілікті болар.
Рас, бұл – әлі алыс болашақтың ісі, бірақ қазіргі медицина осы бағытқа қарай алғашқы қадам жасады. Америкалық екі ғалым биология тарихында бірінші рет егеуқұйрық миынан ес «бөлшегін» бөліп шығарады. Бұл тамаша тәжірибе осы жануарлардың жадында химиялық сипат бар екенін дәлелдеді. Оның молекуласы өте күрделі – сегіз мүшелі тізбектен тұратын алты аминқышқылды қосынды екен. Мұнан бірнеше жыл бұрын ғылым адамдары естілік эффектісі – ми жасушалары арасында пайда болатын жаңа электрлік байланыстың нәтижесі деп қана айта алатын.
Осындай қорытындыға келтірген тәжірибені Хьюстондағы (Техас) жоғары медицина мектебінің екі ғалымы жүргізді. Тәжірибе егеуқұйрықтарға мүлдем қараңғы, не жарық түсірілген жәшіктердің бірін өз еркімен таңдап кіруіне мүмкіндік туғызудан басталды. Нәтижеде олардың көпшілігі қараңғыны таңдап кірді, өйткені егеуқұйрықтар жарық жерден қашады. Енді оларды қараңғыдан шошыту үшін электрлік соққы беріп әсер етілді. Келесі кезеңінде бұл егеуқұйрықтардың миынан субстанциялар (ғалымдардың болжауы бойынша ес сақталатын субстанциялар) алынып, олар токпен ұрып әсер етпеген егеуқұйрықтарға егілді. Нәтижесінде бұлар да мұнан кейін қараңғылықтан қашатын болып шықты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.