Ою-өрнектің балбалдармен «туыстығы»

Қабір сандықшалары мен сайғақ тастарға түсірілген «төрт төңірек», «үшкіл» өрнектері арқылы аруақтың артқы ұрпақтары опалығын аңғартады.
Қабір сандықшалары мен сайғақ тастарға түсірілген «төрт төңірек», «үшкіл» өрнектері арқылы аруақтың артқы ұрпақтары опалығын аңғартады.

Тарихи деректе «өзінің жауын жою жолында құрбан болған батырдың туыстары немесе елі оның ерлігін дәлелдеу үшін басына сол жойған жауының санындай балбал тастар орнататындығын» немесе «батыр көзі тірісінде өмірдегі ерлігінен естелік қалдыру үшін қанша дұшпанын жойса, соншалықты балбал тас тігіп ескерткіш қалдырған» деген болжам бар.

«Бестас» мұнда «итқұйрық», «үшқұлақ» немесе «пышақ ұшы» үлгілері құбылып түсірілгенін көреміз.
«Бестас» мұнда «итқұйрық», «үшқұлақ» немесе «пышақ ұшы» үлгілері құбылып түсірілгенін көреміз.

Ендеше мұндай балбал тастарды Оғыздар мен Түркештер дәуіріне тәуелді ете отырып, осы пікірдің анықтамасы ретінде «Орхон-Енесей» бойындағы Күлтегін ұстын мен ондағы жазылған жазулар мен таңбаларды және Өлгей өзенінің бойындағы Мантборыд тауының етегіне орналасқан Темір Кен Бата-тарқанға арнаған киелі орындағы табиғи тасқа «Ышбара тарқан» деп, жазып осы тастың бас жағына түріктің «сірге» таңбасы белгісі () қазақ ою-өрнегіндегі () бейнесіндегі «жебе ұшы» өр­негімен ұқсас болса, мұндағы бал­бал тастарға түсірілген (), (), () белгілерінің барлығы қазақ ою- өрнегіндегі «бота көз», «бүркіт көз», «тұмарша» өрнек­тер­мен ұқсастығын байқаймыз. Осындағы балбал тастардың тарихы қанша ары десекте қазақ халқы да күні бүгінге дейін «сайғақ» деген атаумен бұл өнерді (салтты) жалғастырып келе жатқанын, тіпті сол сайғақтарға дүниеден кеткен адамдардың аты-жөнін, рулық таңбаларын түсіріп отырса, кейін бұл үрдіс дами келе қаза болған адамның еңбегін осы сайғақ тасқа жазу, болмағанда «дүниеде жаннатта болуына» тілек білдіретін ою-өрнек тілімен сызбалар қалдырып отырды.

Қылыш ұлы 1900 жылы қабірдің маңдайша, босағалықтарына «тұтылған күн», «тұлға», «ілмек» өрнектерін түсіріп, артқы ұрпақтарының қайғы-қасіретін аңғартқан
Қылыш ұлы 1900 жылы қабірдің маңдайша, босағалықтарына «тұтылған күн», «тұлға», «ілмек» өрнектерін түсіріп, артқы ұрпақтарының қайғы-қасіретін аңғартқан
Ақбеген XVIII «торкөз», «таңдай», «ширатпа» үлгілерін түсіру арқылы жақсы тілектер білдірген.
Ақбеген XVIII «торкөз», «таңдай», «ширатпа» үлгілерін түсіру арқылы жақсы тілектер білдірген.

Мысалы: Қазақстан жерінде 1900 жылдары орнатылған Құлысұлының кешенінің екі босағасына «шырмауық», «бұрама» өрнектері түсіріліп, о дүниелік болған аруақтың артындағыларға «шапағат етуін» тілеген мағына қалдырыса, маңдайшасына «күн» бейнелі шеңбер өрнектер сызып, шеңбер ішіне тұтылған күн бейнесін келтіріп, артындағы ұрпағының қайғы-қасіретін, мұң-зарын бейнелеген. Ал кешенің аяғынан-басына дейін «үшкіл» өрнегін түсіріп, «аспан тәңірінің аруақтың жанын жаннатта етуін» армандаған тілек аңғартқан.

«Өсімдік» үлгілерін «тұмаршаға» алып өркениетті болған ұрпақтың аруаққа деген тілегін ­бейнелеген
«Өсімдік» үлгілерін «тұмаршаға» алып өркениетті болған ұрпақтың аруаққа деген тілегін ­бейнелеген

Маңғыстаудағы Құрманбек күмбезіне қарасаңыз «теріс мүйізді» күмбездің екі босағасына түсіріп, «аруақтың рухы аспан тәңірінің қолдауына ие болып, тірліктегі ізгі істері кейінгі елге үлгі болып, артындағы ұрпаққа бақыт, байлық дарып, аруақтың рухы қолдауын» дәріптегенін байқаймыз. (4-ші суретке қараңыз) міне бұлар қабірлер басына ою-өрнектер арқылы адамдардың арман-тілек, көңіл күйлері мен аруақтың өмірінен дерек беретін тамаша естелік қалдырып отырғанын байқаймыз.

Сынтас - () «қошқар мүйізінің» ежелгі бейнелері.
Сынтас — () «қошқар мүйізінің» ежелгі бейнелері.
Маңғыстаудағы Құрманбек қабір өрнегі аруақтың артында қалған ұрпақтары ата- бабаларының ол дүниеге барғанда құдайдың күнәсін жеңілдетіп, жақсылығын асыруын тілеу
Маңғыстаудағы Құрманбек қабір өрнегі аруақтың артында қалған ұрпақтары ата- бабаларының ол дүниеге барғанда құдайдың күнәсін жеңілдетіп, жақсылығын асыруын тілеу

Ал ертеде үлкен ордалардың ішкі, сыртқы екі босағасы мен есік­ маңдайшасына түсіретін өр­нектер негізінен ашық аспанды, тыныштықты, бақ пен байлықты дәріптейтін өрнектерді негіз етсе, орданың ішкі оюларын да ойсыз сала бермей, көңіл-күй, арман-тілек­термен сәйкестіре білді. Өз арнасымен келе жатқан ою-өрнектеріміздің уақыттың өтуі мен өрнек мәдение­тінің ырғағы мен тәртібі бұзылуы себебінен маңдайшалық және босаға өрнектер арқылы білдіретін тілектерді халқымыз ауызекі тілімен «бата» мәдениетіне ауыстырып ­кеткендей.

Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ,
этнограф

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.