Жастар: Бастама. Жетістік

Қазақсан Республикасы Мемлекетік орталық музейі 2006 жылдан бастап Республика бойынша алғашқы болып «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Биылғы іс-шара Жастар жылына арналып, «Жастар: бастама, жетістік» аясында өтті. Сонымен қатар «Біз – Қазақстанның болашағы» атты көрме ұйымдастырылды. «Музей түні» жастардың шығармашылық, интеллектуалдық дамуына ғана емес, сонымен қатар суретші-кескіндемеші, мүсінші, дизайнер-модельердің, сәулетшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылықтың түрлі саласында өз дарынын сынау-бағамдау үшін жаңа серпін беріп, ­ынталандырады. Бұл мереке күні Қазақстан суретшілері – Фатима Тарази, Жанар Нөкетаева, сондай-ақ, О.Таңсықбаев атындағы өнер колледжінің педагогтары өнер көрсетті.
Осылайша, ҚР Орталық музейі өз жұмысында келуші­лермен тығыз қарым-қатынасты дамыту және өз коллекцияларын интерпретациялаудың жаңа нысандары мен әдістерін қолданып, болашақ ұрпақ үшін маңызы зор жаңа дәстүрлерді жандандыруда. «Музейдегі түн» Мәдениеттер мен ұрпақтар, түрлі қауымдастықтар өкілдерінің арасында диалог қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны жинақтау, зерттеу, сақтау және дәріптеу сынды өзінің дәстүрлі қызметін атқара отырып, музей жұмысының табиғатын ашуға ықпал етеді.

Анна КУЩЕНКО,
Назира ЖЕКСЕНБЕКОВА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
орталық музейінің қызметкерлері

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.