Тіл шеберлері анықталды

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тіл шебері – 2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 8 үміткер қатысты.

«Тіл шебері – 2019» байқауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметкерлерді анықтай отырып қолдау, тіл мәдениетін көтеріп, үштілділікті насихаттау бағытында ұйымдастырылды. Байқау үш аталым ­бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Тұсаукесер» кезеңінде берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсету қажет болса, «Өнертаным» аталымында ағылшын тілінде өнер көрсету, ән айту, өлең оқу немесе шағын қойылым қою керек. Ал «Ұлттанымда» сұрақ-жауап айдары қамтылды. Онда белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
«Тіл шебері – 2019» сайысының қорытындысы бойынша, 1-орынды Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Мұхтарұлы иеленді. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Ботагөз Хайрбаева 2-орынды олжаласа, 3-орынға Казталов ауданының әкімі аппаратының маманы Ерлан Нұрланұлы, Жымпиты ауылдық округінің әкімі аппаратының маманы Ақмаржан Оразаева лайық деп танылды.

Рафхат Халелов

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.