Бірлігі күшті ел озады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда халықаралық дәрежеде өткен екі маңызды жиынға қатысты. Оның бірі – Бішкек қаласындағы ­Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше ­мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы, екіншісі – Душанбе қаласындағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің V саммиті. Екі шара да бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қамтыды. Алқалы басқосуға мемлекет басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар қатысып пікір алмасты. 

Бішкектегі басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қа­ты­настар жүйесінің трансформа­циясы көпжақты бірлестіктер қыз­метінің мейлінше теңес­тірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқ­талып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндет­теріне тоқталды. ШЫҰ кеңіс­тігінде өзара сенімді, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында конс­труктивті диалог пен өзара іс-қимылдарды нығайту маңыз­ды болып қала беруі тиіс екенін атап өтті. ­Президент эко­но­микалық өсім баяулаған әрі әлемдік нарық­тағы қаржылық тұ­рақ­сыздық жағ­дайында Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының зор әлеуетін бұдан да тиімді пайдалану, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, климат­тың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша көзқарасын ортаға салды.
Қазақстан Президенті сөз соңында бітімгерлік қызмет еліміздің халықаралық және аймақтық қауіп­сіздікті нығайту жөніндегі сырт­қы саясатының ажырамас бөлігі екенін айтып, ШЫҰ-дағы әріп­тестерге БҰҰ аясындағы Қа­зақ­­станның бітімгерлік бойынша бас­тамаларын қолдағаны үшін риза­шылығын білдірді. Саммит қоры­тындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданды.
Душанбеде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитінде Қ.Тоқаев бүгінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Азия өңіріндегі 35 мемлекетті және жер шарындағы халықтың жартысына жуығын бі­рік­тіріп отырған тиімді көпқырлы құ­рылым екенін алға тартты.
Қазақстан Президенті қақтығыс­тардың өрши түскенін, қауіпсіз­дік механизмдерінің эрозиясын, сауда және санкциялық соғыстарды, сондай-ақ халықаралық терро­ризмнің белең алғанын атап өтіп, өңірдегі қауіпсіздікке төнген қатер­дің, идеологиялық, этникалық және дінаралық қайшылықтардың өршіп келе жатқанына алаңдайтынын айтты. Осыған орай, ол Азиядағы қауіп­сіздіктің түйткілді мәселелерін шешу үшін жүйелі әрі кешенді әдіс­тердің қажет екеніне тоқталып, атал­ған проблемаға байланысты Қа­­зақстанның ұстанымын жеткізді.
– Барша достарымыз бен серік­тестерімізді Форумның тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін күш-жігер жұ­мылдыруға шақырамыз. Толық­қанды өңірлік ұйым болу үшін бізге кеңесті рет-ретімен, біртіндеп транс­формациялау қажет. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институционалды түрде қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған, құқықтық базасы әзірленген, оның тұрақты құрылымдары жұмыс істеп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.
Келіссөздер соңында тараптар Душанбе саммитінің қатысушы елдер үшін Кеңес саммитінің аралық жұмысының қорытындысын шы­ғаруға, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­селелері жөнінде пікір алмасуға және болашақтағы бағыттары мен ба­­сымдықтарын айқындауға мүм­кіндік беретінін атап өтті.

Дәуіржан Төлебаев
«Ана тілі»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.