Педагогика білімінің жаңа бағыттары

Алматыдағы «Rahat Palaсe Hotel» қонақүйінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Педагогикалық білім берудің заманауи­ трендтері» атты халықаралық форум өтті. Шараның мақсаты – қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату.

Форумға шетелдік спикерлер: ­Дэвид Фрост (HertsCam Network, ­Кембридж, Ұлыбритания); Яакко Скантси (Edu Cluster Finland, Финляндия);­ ­Хироки Фуджи (Окайама­ университеті, ­Жапония); Джон Ким (АҚШ), Нурпер ­Улкуер (Балаларды дамыту және тәрбиелеу қауымдастығы, Түркия), ­Карлос ­Мачадо (Магдебург университеті, ­Германия), Стефания ­Алишаускиене ­(Шяуляй университеті, ­Литва), Ли Сёнг Хё (Оңтүстік ­Корея), Лю Вэньбинь (Чжэцзян технологиялық университеті, ҚХР), ­Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева, Алматыдағы Қазақстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ­ЮНЕСКО Кластерлік бюро­сының өкілдері, Республикалық білім беру одағының, «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан), облыстық білім беру басқармаларының басшылары мен өкілдері, білім беру бас­қармаларының, біліктілікті арттыру жүйе­сінің басшылары мен өкілдері, білім беру ұйымдарының мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, магистранттар мен докторант­тар қатысты.
Жиынды ашқан ректор Такир Балықбаев қазіргі жаңа технологиялар және жетістіктер ­заманында педагог жаңартылған жалпы орта білім беру стандартының әдіснамасы мен мазмұнын қабылдауға, білім беру үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етуді өзгертуге, білім беру қызметінің мақсаттары мен әдістерін өзгертуге дайын болуы керек екендігін атап өтті.
Басқосуға заманауи білім беру мәсе­лелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталық­тарын тарту, Қазақстандағы білім беру мазмұ­нын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педа­гоги­калық білім беру­дің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесу, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасу және танысу, кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамыту тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ еліміздің педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеу және ұсыныстар әзірлеу, ин­новациялық білім беру технология­лары және оқыту әдістері бойынша Ұлт­тық сараптау кеңесін құру мәселелері қарас­тырылды.
Пленарлық мәжілісте Окаяма универси­тетінің (Жапония) Тұрақты дамуға арналған білім беруді дамыту орталығының директоры­ Хироки ­Фуджи, Ускудар университетінің мектепке дейінгі педагогикасының профессоры, Балаларды дамыту және тәрбиелеу қауымдастығының президенті (Түркия) Нурпер Улкуер, Edu Cluster Finland (Финляндия) жетекші сарапшысы Яакко Скантси баяндама жасады.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.