Тіл тазалығын сақтайық

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма­сы­ маусым-тамыз аралығында болатын «Тіл тазалығын сақтайық» акциясын бастады.

Осыған орай, Ақсу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының нұсқауымен Көшкентал ауылындағы орта мектептің саябағында мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен акцияның ашылу салтанаты өтті. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқушылар және ұстаздар қатысты. Акцияның ашылу салтанатында ауыл әкімі Ұлан Серіков құттықтау сөз сөйледі.
– Ана тілінің қадір-қасиетін жете түсініп, оның әдемі иірімдерін таныту өркениетті елдерге тән құбылыс. Өз тілін, дінін, салт-санасын қадірлемеген адам толық зиялы бола алмайтыны­ хақ. Осындайда, Бауыржан Момышұлының: «Өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай» деген даналығы ойға оралады. Бүгінгі таңда күн тәртібіндегі алғашқы мәселелердің бірі де – осы тіл мәселесі. Тіл – ұлттың жаны. Сол үшін ана тілінің мәртебесін көтеру – бәріміздің азаматтық парызымыз, – деді ауыл басшысы.
Шара барысында мектеп оқушылары тіл ­туралы өлеңдерін тарту етсе, Әли Еркетаң «Туған өлкем», Жұмабек Ерсінбек «Туған жерім ­тамаша», Бекзат Мәліков «Атамекен» әндерін шырқап, акцияға қатысушылардың патриоттық сезімін оятты.

Әлия ТҮСТЕБАЕВА,
Көшкентал ауылдық
кітапханасының қызметкері
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Алиакпар

    «Тіл қазына» орталығының маңайында Ербол Ердембекұлы Тілешов жүрмеуі тиіс. Өйткені, ол аты шыққан парақор. Мұны Еуразия ұлттық университетінің филология және журналистика факультеттерінің барлық профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ түлектері жыр қылып айтып жүр.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.