Партияның міндеті – қоғамдық бақылауды күшейту

Еліміздің атқарушы билік саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Қырымбек Көшербаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Бауыржан Байбек – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Бақытжан Сағынтаев – Алматы қаласының әкімі, Қуанышбек Досмайылов – Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Ал жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» пар­тиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, Үкімет, Мәжіліс, мәслихаттармен өзара іс-қимылды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды.
– Партияның міндеті – сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң ба­қы­лауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүр­гізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақытылы әрі тиімді жеткізу маңыз­ды, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан Президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру үшін бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.