ТҮРГЕНКЕНТ – ТАРЫЙХЫЙ ОРЫН

Бексұлтан Нұржеке-ұлы,
ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты

Жетісу жерінің шығысы кәзіргі күнде Қорғас өзенімен шектеледі. Ол ара мен Жәркент қаласының арасы отыз шақырым жер. Жәркент қаласының батыс жақ іргесінен Үсек (Өсек) өзені өтеді, ол Ілеге құйады. Ал Жәркент қаласының батыс жағында он бес шақырым жерде Көктал ауылы бар. Ол – бұрын, 1958 жылға дейін, Өктәбір ауданының орталығы болған үлкен ауыл. Сол ауыл мен Жәркент қаласының арасы ­он бес шақырым. Сол он бес шақырымның он үш шақырымдайын алып жатқан тоғайды ел-жұрт ежелден Түргентоғай деп атайды. Ол тоғайдың бас-айағы, шамамен, 50-60 шақырымға ­созыла­ды. Үсек өзені екі тармақтан тұрады. Үлкен Үсек пен Кіші Үсек – екеуі де Қазанкөлден бастау алады.  

Үсек сөзі «үс» және «ек» деген екі сөзден құралады. «Үс» деген, ға­лым­­­дардың айтуынша, «су» ­деген мағына беретін көне түрік сөзі, ал «ек» деген құрметті, қасійетті ­деген мағына береді, сонда «үс-ек» дегеніміз «үсеке» деген сөзден ық­шам­далған болып шығады. Кәзір де үлкен кісілерді құрметтеп «Бәке», «Сәке», «Тұреке» дейміз ғой, соған қарағанда, «Үсек» «үлкен су» деген мағынаны да білдірсе керек. Келе-келе, айта-айта «Өсек» атап кетіппіз.
Түргентоғай – осы Үсек өзенінің өне бойын алып жатқан ұзын тоғай. «Түрген» – түрік сөзі, «тез», «жылдам» деген мағынаны білдіреді. Шоқан өз шығармасында «Түрген – это быстрый» деп жазады. Кәзіргі күнде қазақтар «тез қуды» дегенді «түре қуды» дейді.
Біздің болжауымызша, Түрген атауы – ХІІ ғасырдан, йағный Шыңғыс ханның бала кезінен бар сөз. Қытай тіліндегі түпнұсқадан Тілеуберді Әбенайұлы аударған «Шыңғыс қағанның құзауыры» атты 1240 жылы жазылып біткен қолжазбада мынандай дерек бар: «Темежан («Теміршың» дегенді Тілеуберді солай аударған – Б.Н.) асып-сасып атқа мінді де, орманға кіре жөнелді. Тәйжігіттер көріп қалып, Түргентауына дейін қуды. Темежан нуға сүңгіп кеткендіктен, кейіндей берді де, сырттай қоршау­ға алды («Құпыйа шежіренің» ­құ­пыйасы, Алматы, 2013 жыл, ­«Ша­пағат-нұр» баспасы, 156-бет).
Бұған дейін бұл кітәптің ­«Шың­­ғыс қағанның құзауыры», йағ­ный «Шыңғыс қағанның түп-тұқыйа­ны» деген өз аты бұрмаланып, «Моңғол­дың құпыйа шежіресі» аталып келген. Және Шыңғыс ханның балалығы өткен Бұрқан тауы өз атымен аталса да, Түрген тауының аты аудармада айтылмай, түсіріліп тастап отырылған. Соған қарағанда, Бұрқан мен Түрген қазақша аталса, Шыңғыс ханның туып-өскен мекені қазақ жері екені белгілі болып қалатынын аудармашылар білген. Моғол Шыңғыс ханды моңғол Шыңғыс хан деп бұрмалаушылар өтірік тарыйхты шын етіп көрсету үшін жасаған сан түрлі айла-шарғысының бірі «Түрген» деген атты ел-жұрттан жасырып баққан. Сол жасырғанның бетін Тілеуберді ашып қойғаннан бері Шыңғыс қағанның шындығы бірте-бірте өз арнасын тауып келеді.
Кәзіргі Моңғол халық республикасында Бұрқан да, Түрген де жоқ. Хэнтэй деген тауды осы Бұрқан болу керек деп болжайды тек. Ал тарыйх болжаммен, жорамалмен жазылмайды.

Бұрқан тауы мен Түрген өзенінің Қашама тұсындағы арақашықтығы бар-жоғы екі-үш шақырымнан аспайды. Бұрқаннан қашқан Темір­шыңның (Темеженнің) Түрген тоғай­дан басқа қашып тығылатын жері де жоқ. «Шыңғыс қағанның құ­зауы­рындағы» Түрген тауының осы Түрген тоғайға тікелей қатысты екеніне еш күмән келтіруге болмайды.
Біріншіден, Түрген атты тау сол аттас өзеннің бойында ғана аталуы тійіс. Себебі жеке тұрған тауға Түрген аты берілмейді, өйткені «тез», «жылдам» деген сөз тек өзенге қатысты айтылады, тауға, басқа да жеке орынға қатысты айтылмайды. Демек, Үсек өзені бұрын түгелдей Түрген өзені деп аталған, ал оның екі жағында өскен орман-тоғай Түргентоғай, ал тау Түрген тауы деп аталған. Шыңғыс хан Түрген тоғайға қарай қашқандағы тау, шамамен, кәзіргі Жуантөбе маңайы болу керек. Ол – Үлкен Үсек пен Кіші Үсек қосылатын тұстың шығыс жақ беті. Шыңғыс хан бұл тоғайға тоғыз күн тығылып, ақыры Тәйжігіттер оны ұстап алады. Ұстап алады да, Өнән өзенінің жайылмасына байлап қойған жерінен қашып шығып, Бүркей – Ірге деген жерде отырған өз үйіне барады. Ал Бүркей-Ірге дегеннің мағынасы Ық-Ірге екеніне еш дау жоқ. Ол ара – кәзіргі Қостал мен Бас Қайшының арасындағы Іргетау. Сол Іргетауда отырғанда, Бөртені меркіттер тартып әкетеді де, Баркөрнеу арқылы Шыңғыс хан Бұрқанға қашып тығы­лып, қуғыннан құтылып кетеді. ­Бар­көр­неуді ол кезде Көренлік деп атапты. Көренлік деген көрнекі деген мағына береді, ол тау солай аталуына сайма-сай тау.
Түргенкент жайында ол кездің жазбасында ешбір дерек айтылмайды.
Шыңғыс хан жайында жазылған тағы бір кітәп «Алтын тобчи» деп аталады. Оны да түріктерден алыстатуға тырысып, Лабсан Данзан деген біреу жазған деседі. Оны мойындамайтын ғалымдар да бар. Қаншама айтпауға тырысқанмен «Алтын тобчи» деген сөздің мәні «Алтын топтама» болса, ол қалайша түрік тілінен алыс бола алады? Демек, ол кітәп – Шыңғыс хан жайында айтылған әңгімелер мен шежірелердің алтынға барабар топтамасы (жыйынтығы) деген сөз. Сол кітәптің жазуынша, Түрген тоғайда Дулат батырдың қолы мен Шыңғыс хан ұрпағының қолы соғысында, дулаттар жеңіліс табады. Ал дулаттар ешқашан моңғол жеріндегі Түргенге барған да емес, ондай жер Моңғолияда болған да емес. Өстіп, бір деректі бір дерек анықтай түседі.
Жалайыр Мұқалы батырдың немересі Антұн (Тілеуберді ­Алтын ­болуы керек дейді – Б.Н.) ата-бабасының жері Алмалыға келіп, сол қаланың Хайду атты басшысымен келісе алмай қалады. Ол Алмалы­ қаласының орны кәзіргі Алмалы ауылының желкесінде, тау іргесінде болған, бұрынғы «Красный восток» совхозының сыйыр фермасы отырған еді.
Шыңғыс хан дәуірінде Жетісу жерінде аттары бір-біріне ұқсас үш қала болған: біріншісі – Шығыс Түркістандағы Алмалық, екіншісі – Ақ Бұрқандағы Алмалы, үшіншісі – Алматы.­ Осы үш атау көп жағдайда тарыйхшыларды ылғый шатастырады.
Енді XVIII ғасырға келейік. 1723 жылдың көкек айында қал­мақтар қазақ жеріне тұтқыйыл басып кіріп, елді «Ақтабан шұбырында, Алқакөл сұлама» атанған қасіретті зобалаңға ұшыратты. Ол соғыс ресмій тұрғыда отыз бес жылға созылды. Ордабасыда үш бійдің ұйғарымымен халықтың ұлт-азаттық соғысын Әбілқайыр 1726 жылы басқарып, 1758 жылы Абылай­ қолы оны Шығыс Түркістанда айақтады. Алайда Жетісудың шығысындағы қалмақтар басып алған қазақ жерінен өз еркімен кете қойған жоқ. 1730 жылы туған Ырайымбек батыр Түке баласы, он бес жасынан бастап Жетісудың шығысын қалмақтардан азат ету соғысын жүргізді. Түргеннен (Іленің сол жағалауындағы Түрген) Сүмбеге, Алтынемелден Қорғасқа дейінгі аралықты қанды көйлек серіктерімен бірге қалмақтан азат етті.
Шапырашты Наурызбай батыр 1745 жылы көктемде Хангелді батырды бас етіп, Қарқара өңірін басып алған қалмақтарға қарсы ұрыс салды. Жеңіске жеткен қазақтардың қолымен бірге Хангелді батыр Іленің оң жақ жағалауына аттанып бара жатқанда, артынан он бес жасар немересі ­Ырайымбек қуып жетеді. «Он беске толғанда өзіммен бірге жорыққа алып кетем дегенің қайда?» дейді атасына. Сонда атасы Хангелді батыр: «Балам, біз жаудың әскерін жеңгенмен, сай-саланы, ой мен қырды мекендеп алған қалың қалмақты туған жерімізден қуып шыққан жоқпыз. Менімен бірге сен де кетсең, ел-жұртыңды қалмақтар­дан кім тазартады?» десе керек. Сол сөз көкейіне қона кеткен Ырайым­бек өз жақтастарын жыйнап, қалмақ­тарға қарсы жыйырма бес жыл бойы соғысады.
Ырайымбек батырдың өмірі мен қалмақтарға қарсы шайқасын алғаш зерттеп жыйнақтаған Қабылбек ­Сауранбаев деген кісі ырайымбектану ілімінің негізін салды. Сол кісі отыз бес жыл жыйнаған аңыз бен деректерін «Райымбек батырдың шайқастары» ­деген атпен жазып қалдырған. О кісі 1899 жылы туған. Сол жазбасында Қабылбек ақсақал былай дейді: «Атақты Жәркент, Көкталдағы қорғанда торауыттың ханы бар. Кешегі Қоң тәнінің («қоң­тайшы» дегені – Б. Н.) ескі қазынасы, соғыс құралдары бар, сонан қалған жауынгерлік әдіс бар. Жауға қарсы жұмсайтын сыйқыршылары да бар деп айтылады… Бұл бас өнерпаз, Мықты хан деп санайды…».
Осы қамалды алу үшін Ырайымбек­ күш жыйып дайындалады. ­«Тө­ре­­хан­ның­ жауынгерлері… Үсектің жазығынан түсуді мақұлдап, тау ба­сын­­дағы Орта таудағылары бірігіп, Үсек бойына түсіп, бас қосты» дейді.
«Төреханның жауынгерлерінің көбі қашып кетті. Іле бойындағы Қорғасқа дейін барды» дейді. «Бұл қорғанды алуда қазақ жауынгер­лерінен де көп адам шығын болған. Батырлардан көп батыр жаралы болған. Ырайымбек ­батыр, Бақый батыр, Едес батыр, Тілеулі батыр,­ сол сыйақты батырлар жаралы болған» деп жазады Қабылбек ақсақал.
Сол үшін Төреханға Ырайымбек­ қатты кектенеді. «Қалайда болмасын, Төрехан ханның басын алмай бұл соғысты тоқтатуға болмайды. Мына қаза тапқан батырлардың қанын ­сонымен қайтармай, жүрек орнында болмайды» дейді Ырайымбек.­ Бірақ қазақ пен қалмақ келісімге келіп, қазаққа Қорғас өзенінің батысы, шығысы қалмаққа қарайтын болды. «Ұлы жүз жерге орналасуды бұрынғы өздерінің бөлісі бойынша орналасты. Сонымен­ әрбір батырлар өз жеріне қайтты. Қорғасқа жақын Сатай батырдың бас­тауымен өріс алды» делінген Қабылбек Сауранбаевтың жазбасында. Аралбай, Бөлек батырлар­ да өз қоныстарын белгіледі. Ырайымбектің бұл жеңісі – «Ақтабан шұбырындының» ақырғы соғысы. Бұдан кейін қазақ жеріне қалмақтар ешқашан шабуыл жасай алған жоқ. Бірақ Ырайымбектің өзі бұл соғыстан қатты жараланып, ақырында оны майдан­дас серігі Бақый батыр үйге көтеріп кіргізіп, үйден көтеріп шығаратын жағдайға ұшырайды. Соған қарағанда, Ырайым­бектің осы улы жебе­ден жаралануы ажалына себеп болған сыйақты.Түргенкентті кім салған деген сұрақ көкейде тұрады. Қазақтан қорыққан қал­мақ па, қалмақтан сақтанған қазақ па? Оны кесіп айту өте қыйын, өйткені оны анықтап айтқан дерек жоқ. Алайда «түрген» де, «кент» те қазақ сөзі екенін ескерсек, аты қазақ­ша қойылған қорған қазақтар салған қорған болуы заңды сыйақты. Әйткенмен, кім салса да, бұл қала бабаларымыздың қаны төгілген жер екені даусыз. Халқымыздың азаттық күресінің қасійетті орны.
Қабылбек Сауранбаевтың жазбасына қарағанда, Ырайымбек азаттық соғысын 25 жыл бойы жүргізген. Соғысты бастаған жылы – 1745. Оған 25 жылды қоссақ, 1770 болады. Сонда, шамамен, Түргенкент қорғанындағы шайқас сол жылы болған.
«Ақтабан шұбырындының» біржола айақталуы да сол 1770 жыл деп білеміз. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Құлжаға барар сапарында Үйгентас арқылы өтіп, Бұрқанға келген. Бұрқантаудың шүйгінінде тоқтап, сол арада түйелерінен айырылып қалған. Соны осы Түргенкент маңайынан ­табады. Сол жазбасында Үсек өзенінің Түргентоғайдан төменгі жағы әлі күнге дейін Түрген деп аталатынын да жазады. Демек, бұрын Үсек өзені түгелдей Түрген атанған деп ойлаймыз.Осы ­тарыйхый орынды кәзіргі күні Сарөзек – Қорғас тасжолы қақ бөліп өтіп жатыр. Түргенкенттің қорғаны жолдың екі жақ бетінде де көрініп жатыр. Жақында Амантай Раев атты ініміз осы тарыйхый орынға ескерткіш тақта орнатыпты. Онда мынандай жазу бар:
«Түргенкент орны. «Ақтабан шұбырынды» зобалаңының ақырғы шайқасы өткен жер. XVIII ғасырдың екінші жартысында Ырайымбек батырдың қолы қалмақтарды осы арадан Қорғас асырып қуып тастайды. Ол шайқасқа Аралбай, Сатай, Бөлек батыр бабаларымыз қатысқан. Ырайымбектің өзі уланған жебеден жараланады. Түргенкент туралы 1856 жылы Құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов та жазып кеткен. Тарыйхый орынға тағзым!». Ел азаматтары осы уақытқа дейін ескермей келген тарыйхый орынға ескерткіш белгі орнатқан Амантай ініме қатты рыйзамын. Халық атынан сөйлеуге қақым жоқ шығар, өз атымнан мың алғыс айтып, басымды ійемін!
Болашақ ұрпақ бұдан былай осы арадан бас ійіп өтер деп ойлаймын. Түргенкент пен Түргентоғайдың тарыйхы Орбұлақ тарыйхына ұласады. Бұл ара – Есім хан мен Салқам ­Жәң­гірдің де ел қорғап соғысқан жері. Ол туралы­ «Ата жау» атты тарыйхый хыйкайа жазып­ біттім. Ата-бабасын, туған жерін сыйлай білген Амантай інімнің үлгісі өзгелерді де ойлантса ійгі!

Редакциядан:
Мақалада автордың тілдік-стилистикалық ерекшеліктері өзгеріссіз берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. Алмабек

    Үс» деген «су» ­деген мағына беретін қазіргі моңғол сөзі

  2. Алмабек

    Түрген» – қазіргі моңғол сөзі, «тез», «жылдам» деген мағынаны білдіреді

  3. Алмабек

    Кәзіргі Моңғол халық республикасында Бұрқан да, Түрген де бар.

    БУРХАН
    буркан, бурган, пуркан, пурган (тюрко-монг. модификация слова «будда» или словосочетания «будда-хан»), в мифологиях некоторых тюркских народов (шорцев, хакасов, тувинцев, а также киргизов, уйгуров), монгольских народов обозначение будды, бога вообще, изображения бога, идола. В форме «буркан» термин проник (через монг.) и в тунгусо-маньчжурскую мифологию (у нанайцев буркан считается духом-помощником шаманов во время камлания). В мифологии монгольских народов (шаманской) термин «Б.» прилагается к обычно не смешиваемым с тенгри индо-тибетским ламаистским божествам, позднее (после 17 в.) включённым в пантеон шаманских богов. В перечнях обрядовых призываний они обычно упоминаются первыми, а в космогонических и антропогонических преданиях оказываются главными действующими персонажами. К ним относятся: Шагджитуби (от тибет. Шакьятхубпа, т. е. Шакьямуни) или Бурхан-бакши («Будда-учитель»), Майдар (Майтрея), Арья-Бало (Авалокитешвара), Манджушри, а также ряд докшитов (прежде всего Очирвани); иногда в их число включаются дагини (дакини). В то же время в мифологии монголов (изолированной монголоязычной группы, мифологические представления которой сохранили большую архаичность) понятие «пурган» в ином смысле противопоставлено «тенгери» (тенгри): как множество богов и духов (включая богов разных религиозных систем и даже демонов) — единому небесному божеству (или обожествлённому небу). Вообще в монгольской мифологии (особенно у бурят) Б. может быть названо любое божество, просто злой дух: Арахи-Б. (Ражу), Саган-Б.- дух оспы, и др.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.