ҚАЛА ҚАЛПЫНА КЕЛЕ БАСТАДЫ

Бүгінгі таңда Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еліміздің барлық облыстарына бөлінген секторлар бойынша іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатқаны көңіл қуантады. Біз газетіміздің осы санында Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйене отырып, қаладағы ахуалды таныстыруды жалғастырамыз. 

Жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек төтенше жағ­дайдан зардап шеккен Арыс қаласына келді.
Үкімет басшысының орынбасары қа­ланы қалпына келтіру жұмыстары уақ­тылы әрі сапалы орындалуы керектігін айтты.
Ресми мәлімет бойынша, Арысқа көмек ретінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржы түскен екен. Бүгінгі күнге Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры­на 1 652 359 888 теңге, 89 тиын түсті. Оның ішінде 258 802 780 теңге, 16 тиын жеке тұлғалар шотынан түскен. Бұдан бөлек, қорға өзге мемлекеттерден де көмек ретінде 105 049 рубль 25 тиын және 7 810 доллар қаражат аударылған. Сондай-ақ тұрғындарға гуманитарлық көмек ретінде 519 тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек, құрылыс заттары жиналса, 493 тоннадан астамы таратылды. Қоймада 30 тоннадай қажетті заттар қалды. Гуманитарлық көмектің жет­кізілуі әлі де жалғасуда.
Арыс қаласының xалқы өз үйлеріне оралған сәтте, ең бірінші болып барлығы өздеріне қарасты аумақтық штабқа тіркелді. Сол штабта олар үшін азық-түлік, медициналық көмек және құжаттар жинақталды. Міне, осы қызметтерді Түркістан облысының аудандары және облыстар көрсетті.
Ағымдағы жылдың 8 шілде күні Арыс қаласындағы Түлкібас ауданы мен Алматы қаласына бекітілген 14 сектордан 12 камаз түрлі қоқыс шығарылды.Сонымен қатар тұрғындар арасын­дағы тіркелген наразылық нүктелеріне ­ко­миссия тарапынан түсіндіру жұмыс­тары жүргізіліп, 100 мың теңге өтемақы ­бойынша 3192 азаматтан (532 отбасы) құжат қабылданды.
17 секторға бөлінген Арыс қаласы­ның 5-секторындағы апаттан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын Қарағанды облысы мен Төле би ауданы қарқынды жүргізуде. Бұл 5-аймақта 72 жеке үй мен 11 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 24 маусым күні олардың барлығына зақым келген. Қуантарлығы – жарамсыз күйге түскен үйлер жоқ. Барлық 83 үй-жайларды 22 отандық құрылыс компаниясынан 241 құрылысшы жөндеуде. Бүгінде 10 пәтер толығымен жөнделіп, арыстықтарға тапсырылған. Ондағы 18 көшенің әрбіріне жауапты маман бекітілген. Штаб қызметкерлерімен 100 мың теңгеден берілетін қаржылай көмек көрсетуге өтініш берген 510 отбасыдан құжаттар жиналды. Тұрғындарға күнделікті азық-түлік тарату, аулаларды қирандылардан тазарту жұмыстарына ауданымыздан 40 ерікті өз көмектерін ұсынып, жұмыс істеуде.
Индустрия және инфрақұрылым­дық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бұзылатын үйлер бастапқыдағы 27-ден 149-ға дейін өскенін айтты. Арнайы мамандар­дың тексеруі аяқталғанша тағы да көбеюі мүмкін екен. Ал Рахимбаев Айдын бас­қаратын компания 100 млн теңге бөліп, ең қиын секторды жөндеуге кірісті. Негізгі облыстар шілде айының соңына дейін құрылысты бітірмек. 100 мың теңгеге құжат қабылдау аяқталуға жақын қалды. Жалпы Арыспен бірге Ақдала, Қожатоғай, Дермене ауылын қоса есептегенде, 55 602 тұрғын есепке алынып, оларға 5,6 млрд теңге өтемақы төленбек.
Арыс қаласында Кентау, Шым­кент­ қалаларына бекітілген №10 секторда жұмыс қарқынды жүруде. Аталмыш аймақта жалпы 646 жеке үй мен 4 көпқабатты тұрғын үй бар. 15 жеке үй жарамсыз күйге түскен. Зақым­данғаны 570 жеке үй мен 4 көпқабатты тұрғын үй. 246 жеке үй жөндеуден өтуде, 25 үйдің жөндеуі аяқталды. Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы 30-ға жуық отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыстар 3 жеңіл автокөлікпен үйме-үй жет­кізіліп, тұрғын үйлерге келтірілген шығындарды қалпына келтіру ­бойынша 154 отбасының құжаттары қабылданды. №10 секторға қарасты 13 көшенің автомобиль жолдарын толы­ғымен су тасығыш автокөлігімен шаю жұмыстары жүргізілуде.
Арыс қаласындағы Алматы қаласы мен Түлкiбас ауданына бекiтiлген 14- секторда, өтемақы ретінде төленетін 100 мың теңге бойынша және тұрғын үйлерін қалпына келтіруге тұрғындардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау жұмыстары қарқынды жүруде.
Атырау облысының үлесіндегі секторда жұмыс атқарылып жатыр. 482 үй қалпына келтірілуі қажет. Соның ішінде 24 үй жарылыстың салдарынан мүлдем жойылған. Ал қалған үйлердің терезелері сынып, төбесі қираған. Бүгінде сол жұмыстарды қалпына келтіру үшін облыс әкімінің орын­басары, облыс әкімінің кеңесшісі және басқарма басшылары Арыс қаласына барып, жұмыстар толықтай аяқталғанға дейін Арыс өңірінде болады. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына бірнеше техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Жарылыстан зардап шегіп, баспанасы қираған Арыс тұрғындарына өзге облыстармен қатар, маңғыстаулықтар да барынша қолұшын беруде. Қазір ­облыс әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай бастаған жұмыс тобы Арыс қаласындағы 8 көшені қалпына келті­ріп жатыр. Жаңа үй салып, бүлінген үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын Маң­ғыстаудың 8 құрылыс компаниясы жүргізуде.
Арыстық мектеп жасындағы бала­ларды демалысқа жіберу жұмыстары жалғасуда. Енді мектеп жасындағы 50 оқушы елдің батысында демалса, тағы 150 бала шығыстың шырайлы жерлеріне саяxаттайтын болады. Олар кеше ғана Арыстан саяxатқа жол тартты.
Арыс халқына жан-жақты қолдау көрсету – басты назарда. Осыған орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен арыстық ардагерлер шілде-тамыз айларында кезекпен демалысқа жіберілетін болады. Зейнеткерлердің алғашқы тобы 15 күн бойы Шымкенттегі «Мейір» ардагерлер үйінде тынығып келеді.
Ақмола облысы мен Қазығұрт ­ауданына бекітілген 17 секторда жұмыс қарқынды жүруде. Жалпы секторда 470 тұрғын үйдің 290 тұрғын үйі жөндеу­ден өтеді. Қазіргі таңда 18 құрылыс фирмалары жұмыс істеп жатыр. 245 адам жұмыспен қамтылған. 100 үйдің ­құ­ры­лысы жүріп жатыр, 25 үйдің ­шатыры жабылды.

Дайындаған
Д.Жұмажанұлы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.