Батыл да, айлалы аң

Тек Америкада ғана тіршілік ететін дене пішіні 40-45 сантиметр, сыртқы түрі егеу­құйрық тәрізді жануарды «оппосум» деп атайды. Олар саяхатқа шыққан кезде балаларын арқасына жабыс­тырып жүреді.
Балалары кішірек болған кезде қалтасына сақтайды, әйтпесе әлсіз балалары өздігінен тіршілік ете алмайды.
Өз Отанында оппосум қылығы бар­шаға әйгілі, сондықтан футбол алаңын­да соққыдан жығылған футболшыны ұшып түскенде-ақ американдықтар: «Оппосумшылауыңа жол болсын» десе-ақ болды сәл сүріне құлаған футболист орнынан атып тұрады. Мұның өз мәнісі бар. Оппосум жыртқыштар тырнағына тап болған кезде одан қашып құтылуға әуре болмастан, батылдық жасап, дереу өлген болып жата қалады. Әдетте, қай жыртқыш болсын, кенет көз алдында өлген жануарды бірден олжалауға кірісе алмайды. Ол өлген жануарды айнала жүріп шолып, тек соңынан ғана тамақтануға кіріседі. Осы уақыттың ішінде айлакер оппосум қолайлы сәтін аңдып жатып, зып береді. Сондықтан мұндай айлакер жануардың жауынан қорғану әдісі – өтірік өлу.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.