Мамандар даярлықтан өтуде

Жыл басынан бері елімізде латын әліпбиіне қатысты семинарлар өткізіліп келе жатқаны белгілі. Солардың бірі Павлодар облысында өткен болатын. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында ұйымдастырылған «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық шара латын негізді қазақ жазуын меңгертетін семинар жоғары деңгейде өтті. Шараның өтуіне облыстық Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды. Жобаның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін және қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің құрылымын, ересек тұрғындарды оқыту кезінде қазақ тіліне тән дыбыстарды жазу нормаларын енгізу бойынша ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін білікті дәріскерлерді дайындау және оқыту. Тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің тарихы, жаңа графика және сөзжасам құрамы туралы ақпарат ұсынылды. Оқу барысында заманауи әдістемелік технологиялар қолданылды.
Семинарға қатысқан өңірдегі оқу орталықтарының оқы­ту­­шылары мен әдіскерлеріне, облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздарына, мемлекеттік емес мекеме­лердің қызметкерлеріне сертификаттар ресми түрде табыс­талды. Жалпы семинарға барлығы 90 тыңдаушы қатысты. Қорыта айтқанда, осындай шаралар латын әліпбиіне көшуді біліктілікпен жүзеге асыруға негіз болары анық. Кешенді әрі ғылыми-практикалық мәселеге дұрыс көзқарас таныта білсек, ұйымдастыру шараларына мән берсек, ұтарымыз көп.

Айтуған Дәулет

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

4 Пікір

  1. Құлқайев Нұрлан

    Әліпбидегі қателіктерді ертерек түзету керек еді, осыны ескерген ағалар барма екен? !

  2. Жаңа Әліпбій

    Латын әліпбійінің нұсқасы vk.com/janaalipbiy

  3. Қазақ жазуы

    Aa — a
    Ää — ә
    Bb — б
    *Cc — ч
    Dd — д
    Ee — e
    *Ff — ф
    Gg — г
    Ǵǵ — ғ
    Hh — х
    Iı — ы
    İi — і/и
    Jj — ж
    Kk — к
    Ll — л
    Mm — м
    Nn — н
    Ńń — ң
    Oo — о
    Öö — ө
    Pp — п
    Qq — қ
    Rr — р
    Ss — с
    Śś — ш
    Tt — т
    Uu — ұ/у
    Üü — ү
    *Vv — в
    Ww — ў
    Yy — й
    Zz — з
    * — тек терминдерде кездеседі

  4. Қазақ жазуы

    Jıl basınan beri elimizde latın älipbiyine qatıstı seminarlar ötkizilip kele jatqanı belgili. Solardıń biri Pavlodar oblısında ötken bolatın. Pavlodar memlekettik pedagogikalıq üniversitetiniń bazasında uyımdastırılǵan Jańa emle qurlımı men mazmunı attı respüblikelik śara latın negizdi qazaq jazıwın meńgertetin seminar joǵarı deńgeyde ötti.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.