«Адалдық алаңы» – қолдауға тұрарлық жоба

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институ­цио­налдық ­реформаны жүзеге асыру жөнінде ұсынған «100 нақты қадамның» он үшіншісі – жемқорлыққа қарсы ­кү­ресті күшейту. Онда жаңа заңнамалар әзірлей отырып, жемқорлық құқық бұзу­шылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін арнайы шараларды қолға алу тапсырылған. 

Осы орайда бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған Protecting Business and Investments жобасы қолға алынды. Оның шең­берінде агенттік 300-ден астам компаниямен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Олар бизнесті парасыз – адал жүргізуге міндеттелді.
Колледждер мен жоғары оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың ашық қызмет көрсетуін нығайтуға бағытталған «Сана­лы ұрпақ» жобасы қолға алынған. Мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы ­сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Жобаның стратегиясы елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.
Сондай-ақ Елбасы тапсырма­сына сәйкес, Adaldyq alańy – «Сыбайлас жем­қорлықтан ада өңірлер» рес­публикалық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оған мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюды көздейтін кез келген адам қосыла алады. Жобаның негізгі мақсаты – қала мекемелерінде қолайлы жағдай жасау, қызметтерді алу процестерін автоматтандыру және оңтайландыру, олардың қолжетімділігін арттыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Міндеті – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай ­жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар қабылдау үшін басқа өңірлерде де осындай жұмыс басталды.
Сонымен қатар еліміздегі бар­лық­­ қалаларда журналис­тер, құқық қор­ғаушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, студенттер, оқы­ту­­шылар, ірі кәсіп­­орындардың заңгерлері, әкім­дер мен мәслихат депутаттарына арнал­ған «Transparency Kazakhstan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі өткелі жатыр. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжіри­беге, қазақстандық сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңнама­ларға шолу жасалып, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар, стратегиялар талданатын болады.
Айта кетейік, құқық қорғау ор­ган­­да­рындағы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2019-2020 ­жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрылған. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген ха­лық­­тың сенімін арттыруға және олар­дың имиджін жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, кадрлық әлеуетті арттыруға, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыруға және сыбайлас жем­қорлық көріністеріне қоғамдық төз­беушілікті арттыруға бағытталған іс-шара­лар тізімі көрсетілген. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ІІД және ІІМ басшылары ай сайын кәсіби қоғамдастықпен ашық пікірсайыстар түрінде кездесу өткізуі керек. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, жол парақ­тарын жою мәселесін қарастыру, авто­көлікті техникалық қарау тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ұсыныстарды әзірлеу, ІІМ бизнес-үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру­ жөніндегі IT-шешімдерді іздеу ­бойынша АстанаХаб базасында және әлеуметтік желілерде Хакатондар өткізілуі тиіс.

Майя МҰРАТБЕК

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.