Тарихты танудың келелі кезеңі

Кез келген ұлт үшін табиғи құбылыс – оның тарихи өткені мен қоршаған әлемге, адамзат қоғамының дамуына әсерін зерттеу. Сонымен әлемдік тарихта және өркениетте өз орнын анықтау.
Өзінің тарихының басынан бастап қазақтар шетелдік жаулап алумен, ашық агрессиямен күресіп, өкінішке қарай, ғылым мен білімнен алыс, көшпелі өркениеттің өкілдері ретінде өмір сүрді. Өткенінн толық біліп, тарихи сана-сезімін қалпына келтіру үшін бос орындардың орнын толтырудың уақыты келді.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстан ­тұ­рақты­ дамып келе жатқан, жалпы­ әлемдік дамуды жалғастыруға ғана емес, сонымен бірге әлемдік қоғамдастықта өз орнын іздей отырып,­ адамзат пен әлем дамуына өз позициясын және көзқарасын еркін білдіретін қуатты, тұрақты елге айналды. Енді біз – қазақстандықтар қойылған мақсаттарымызға өткенге және болашаққа байланыс­ты қол жеткізуге күш салып жатырмыз. Осыны ескере отырып, Елбасы­ «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы шығарды, осылайша елдің ұлттық ­тарихын жаңа түсіну процесін бас­тады. Елбасының аталмыш стратегиялық мақаласы елімізді және оның халқын көп қырлы және жан-жақты тарихын түсінуге, қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни Елбасы біздің халқымыздың әлемдік өркениетке және оның ­дамуына қосқан зор үлесін зерттеуге шақырады. Біздің Ұлы Дала әлемдік мәдениет пен өркениетке қомақты үлесін қосты. Бұл туралы ешкім де ұмытпауы керек.
Елбасы өзінің мақаласында былай деп жазған: «Жылқыны қолға үй­рету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуі­рінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, ша­руашылық пен әскери сала­дағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз, айбарлы көшпенділер империясы тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени коды­ның» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі».
Әлемнің жылдам дамуына ықпал ететін маңызды оқиғаның бірі – металлургиялық өндіріс. Ежелде адамзат мыс, темір, алтыннан және күмістен бағалы тастар шығара алды. Біздің Ұлы Дала осындай ауқым­ды өндірістік объектілердің бірі болып­ табылатыны туралы ­Елбасы өз мақаласында айтты.
1969 жылы Қазақстанда та­был­ған «Алтын адам», яғни ­«қа­зақ­стандық Тутанхамон» ғалым­дардың ортасында «Алтын адам» деп аталатын әлем ғылымы үшін өте маңызды жаңалық болды. Яғни біздің ата-бабамыз алтын-күмісті күнделікті өмірдің барлық салаларында қолдан­ған деген сөз.
Өзінің мақаласында Елбасы біздің Ұлы Дала – бүкіл түркі әлемінің туған жері, сондай-ақ әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын алма мен қызғалдақтың тарихи Отаны­ болғанына ерекше назар аударды.
Бұл «Қазақстан әлемдік өр­кениетке не берді?» деген сұраққа жауап. Яғни қазақ даласы – адамзат­ прогресінің көзі.­ Біздің тарихымызды ­дүние­­жү­зі­лік тарихпен байланыстырып, Қазақстан мен оның халқы әр­қашан ғылым мен білім беруді да­мытуға, өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан әлемнің ажырамас бөлігі болғанын атап өту керек. Осы­ған сәйкес біз кеңестік кезеңде қа­лып­тасқан таптаурын түсінікті бұзып, ұлттық тарихымызға жаңа көзқарас қалыптастыруға тиіспіз.
Елбасы осы бағытта «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энцикло­пе­диялық саябағын ашу, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көп­шілік серияларды шығару, «Түркі өр­кениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу талаптарын қойды. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру және т.с.с. шаралар өткізу жоспарланған.
Тек осылайша біз тарихи сана-сезімді жандандырып, өз туған ­тарихымызды түсінеміз. Бұл тарихи сананы жаңғырту – ұлттық сананы оятып, оны заманауи талаптарға сәйкестендіру. Ең бастысы, біздің ата-бабамыз адамзат өркениетіне баға жетпес үлес қосқан және адамзаттың дамуына жаңа серпін беретін бай мәдениет қалдырған еді.
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала-бағдар­ла­масы біздің ұлттық тарихымызды түсінудің жаңа кезеңін бастайды.

Керімсал Жұбатқанов,
Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.