Ақынның әсерлі әңгімесі

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жас қалам» атты жас оқырмандар үйірмесінің ­поэзия сағатына танымал ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев арнайы келді. 

Жас оқырмандарға ақындық өнердің қыр-сыры мен өзінің шығармашылығы туралы айтып берді. Ақын алғашқы өлеңін мектеп қабырғасында жаза бастапты. Ержете келе лирикаға ойысқан. Қазіргі таңда поэзия әлемінде пәлсапаға бай терең ойларды жырлап жүрген ақын жастарға ұлтымыздың құндылықтары туралы әңгімелеп, адамгершілік, патриоттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті. Қалай десек те, ақынмен болған қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ сақталмақ.
Бұл шараның мақсаты – заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәс­түрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құн­дылық ретінде бағалап, құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.
Үйірме бағдарламасы аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген Түрік қағанатының батыры туралы «Күлтегін» мультфильмі көрсетілді. Сондай-ақ кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттер жайлы кеңінен таныстырумен қатар, балаларға көркем ­поэзияны оқытуды үйретті. Шара соңында балалар оңалту кабинетінде ашылған шахмат, дойбы және тағы бақа спорттық ойындар үйірмесінде ойын ойнап, караокемен ән шырқады.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.