Танымал заттардың тарихы

Қазір қарындаш, қалам секілді алуан түрлі жазу құралдары көп. Бірақ бұлар мүлдем болмаған замандар да өткен ғой.
Ежелгі Египетте папирусқа ұштал­ған қамыс таяқшамен жазған және ол «қалам» деп аталған. Қосөзен ара­лығында да осындай қалам қолданылған, бірақ ұштағанда ұшын үшбұрыш етіп шығаратын болған. Осы себепті қыш тақталарға жазылған жазу сына бітімдес болып түсіп, мұндай жазудың «сына жазуы» деп аталуы содан.
Қытайда иероглифтер қылқаламмен салынған. Гректер мен римдіктер де папирусқа қаламмен жазған. Қауырсынның пайдаланыла басталуы, шамамен, VII ғасырда. Көбінесе қаздың қауырсыны қолданылған. Бұл үшін қауырсынның ұшын ыстық құмға не қоламтаға көміп майын кетіріп жұмсартып алатын болған. Қалам ұштайтын арнайы бәкі де осыған байланысты шыққан.
XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қауырсынның орнына ­металл қаламұштар шықты. Ұшына кішкене шарлар салынған қазіргі қаламдар өткен ғасырдың ортасында пайда болған.

Нұрлан Құмар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.