Қайырымдылық – жүректен

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық!» атты республикалық қайырымдылық акциясы өңірдің барлық партия филиалдарында бастау алды.

Акция мақсаты – «Nur Otan» пар­тиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отба­сылардың балаларын мектепке дайын­дауда көмек көрсету және оларға ­­то­лықтай білім алуға жағдай жасау.
Облыстық Дін істері басқармасының ұжымы акцияға қолдау көрсеткен алғашқылардың бірі. Осыған орай, басқарма басшысының міндетін уақытша орындаушы Б.Ниет ­Тал­дықорған қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты ананың баласы Жайнақбаев Ерлан Арманұлына қайырымдылық көмек көрсетіп, мектепке қажетті керек-жарақтарды (оқу құрал-жабдықтары, жылы киім-кешек) табыс етті.
Аталмыш акция әрі қарай да жал­ғасын тауып, облысымыздағы бар­лық бала қайырымды жандардың назарынан тыс қалмайтынына сенім­діміз.

Айнұр Досжанқызы,
Алматы облыстық дін істері басқармасының баспасөз хатшысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.