Веложарыс қызықтары

Алматыда жыл сайынғы «Tour of World Class Almaty» атты веложарыс өтті. Оны ұйымдастырушылар – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры (жыл сайынғы халықаралық Алматы марафонының ұйымдастырушысы), «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, АТФ Банк. Әуесқой спортшылар тас жол немесе тау велосипедтерімен 14, 34 және 57 шақырым қашықтықтардың бірінде бақ сынады. 

Жарыс алдында Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен жарыстың бас дәрігері Оразбек Сахов және шараның тұрақты қатысушысы, жедел жәрдем көмегінің дәрігері Александр Лазарев қатысушыларға жарыс алдында бір ауыз тілектерін айтты. Қатысушыларға жолда өздерін жақсы сезіну мен өзара көмек көрсетудің маңызды екенін тағы бір мәрте қайталады.
Жарысты бірінші болып 14 шақырым қашықтыққа жүгіретін жас қатысушылар ашты. 12-14 жастағы мәрешілерден ұлдар арасында Руслан Марченко (шоссе), Даниил Лунгу (МТВ), ал қыздар арасында Мария Елькина (шоссе), Малика Ақмағамбетова (MTB) ең жүйрік деп танылды. 15-17 жастағы бозбалалар арасында Егор Макешин (шоссе), Дэвид Кусаков (МТВ) және қыздар арасынан өзгелерді Наталья Сафонова (МТВ) басып озды.
Тау велосипедімен (МТВ) жарысушы­лардан 34 шақырым қашықтықты ерлер арасында Виталий Волошин (59 минут 4 секунд) және Мария Шепелева (1 сағат 15 минут 56 секунд) әйелдер арасында бірінші болып еңсерді. Тас жолда (шоссе) қатысушылар арасынан Алексей Боловинцев (54 минут 43 секунд) және Аяна Аманбаева (1 сағат 5 минут 29 секунд) алға шықты.
Абсолютті есепте 57 шақырым қашықтық­тағы жеңімпаздарға веложарыстың құрметті серіктесі – АТФ Банк ұсынған карта бойынша әрқайсысы 100 000 теңгеден ақ­шалай сыйлық берілді. Әлемдік тәжірибенің дәстүрі бойынша, бірінші орын жеңімпаздары көшбасшылардың дәстүрлі сары көйлектерін алды. Олар алматылық Никита Федотовских (1:25:33) және Алматы қаласынан Екатерина Шатная (1:31:14).
– Tour of World Class – символикалық жарыс. Біріншіден, ол жыл сайын спорт күні өткізіледі. Екіншіден, ол – өзіндік бір емтихан. Қатысушылар жаз бойы жаттығып, маусым соңында барын салып, өз дайындығының нәтижесін тексереді. Биыл қатысушылар саны көбейе түсті. Әр жарыс сайын спорт әуесқойларының саны артып жатқанына куә болып отырмыз, – дейді жарыс директоры Салтанат Қазыбаева.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.