Ауа райының белгісі

Күннің және айдың құлақтануы немесе жалған күн мен жалған ай дегеніміз – атмосфералық ауада ұсақ мұз кристалдарының көп мөлшерде жиналуына байланысты болатын оптикалық құбылыс. 

Бұл кристалдар күн сәулесін шағыл­тады да, шамамен, су немесе мұз айдыны туғызатындай әсерді атмосферада жасайды. Жерде тұрған бақылаушы күн арқылы өтетін, әдетте көзге жақсы көрінетін, ал кейде күңгірттеу келген, көкжиекке параллель жатқан ақ түсті шеңберді көреді. «Паргелий шеңбері» деп аталатын осы шеңбердің аясында, күннің оң және сол жағын ала күн табағына ұқсас жарық дақтар – паргелийлер ­немесе қосар күндер көрінуі мүмкін. Бұлтсыз аязды түнде мұндай құбылыс айдың маңынан көрінеді; қосарлы. Яғни жалған айлар «параселен» деп аталады.
Бұл құбылыстардың көрінуі үшін атмосфера тыныш қалыпта болуы тиіс және жер үстіндегі ауа қатты салқындаған болуы керек. Тек сонда ғана су буының сублимациялану процесі – аязды ауада мұз кристалдарының түзілуі мүмкін. Мұндай жағдай әдетте антициклонды тұрақты суық ауада болады, ал күн мен айдың құлақтануы соның белгісі есепті.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.