Сурет

Суретшінің қылқаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын «сурет» деп атаймыз.

Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын, әуелі кенепке оның нобайын салып шығады. Сондықтан да ұлы шеберлердің қай-қайсысы да суретке үлкен мән берген. Итальян мүсіншісі, суретші, архитектор, ақын әрі ойшыл Микела́нджело Буонарро́ти «бейнелеу өнерінің барлық түрінің қайнар бастауы мен жан-жүрегі» деп санаған. Ал Көркемөнер академиясында Серовты оқытқан профессор П.Чистяков: «Сурет сала алмайтын адам картина да сала алмайды» деп есептеген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.