Асыл тастар

Қымбат бағалы және жартылай қымбат асыл тастардың түрлі аурудан сауығуға жәрдемдесетіні ежелден мәлім. Соны білген адамзат қауымы оларды ертеден қадірлеп, сырқаттың бетін қайтару, болдырмау үшін тұмар ретінде тағып жүрген. Асыл тастардың байлық белгісі ретінде жоғары бағаланатыны бәрімізге белгілі.

Әртүрлі асыл тасқа қолы жеткен адамдар өздерін жоғары санап, әйелдері мен қыз-қырқындарын үлде мен бүлдеге орап, көңілдері көкке бір елі жетпей жүрді. Ел мен ел арасында алыс-беріс, сауда-саттыққа да пайдаланды. Хандар мен әміршілер мемлекеттік мәселелерді бір-біріне көл-көсір асыл тастар сыйлау арқылы шешіп отырды. Асыл тастар үшін қырғын соғыс, қантөгіс, тіпті ет жақындар арасында жанжал, алауыздық, опасыздықтар туындағаны ақиқат (Қазақтың «алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мәтелі тегіннен-тегін шықпағаны түсінікті жай).
Солай болса да, асыл тастар әртүрлі ауруға емдік, шипалық қасиеттерін ешқашан жоғалтқан жоқ. Әрқайсысының әртүрлі науқасты емдеп, жеңілдетер қуаты қалпында.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.