Тірі радар

Ніл өзенінде ауға түсуі өте қиын балық бар. Ол балық аулауға келе жатқан адамдарды алыстан аңғарады. Тұрғындар бұл балықты «су пілі» деп атайды. Өйткені ол балықтың тұмсығы алға қарай созыңқылау, пілдің тұмсығына ұқсайды.

Балықтың ғылыми атауы – мормирус. Мормирусты тірі ­радар десе де болады (радар, яғни радиолакатор деген мағынаны білдіреді. Радио толқындары арқылы көру). Оның құйрығында электрлі орган бар. Электрлі органды түсінікті болу үшін кішкене «қалта батареясы» деп аталық. Оның шығаратын тогының күші оншалық емес – бірнеше вольт қана, бірақ осының өзі-ақ балықтың маңайындағы құбылысты аңғаруына жетіп жатыр. Мормирус өзін қоршаған заттарды ажырату үшін әлгі «қалта батареясынан» разрядталған электромагниттік тербелісті маңайына таратады. Ол тербеліс радио жаңғырығы тәрізді қайтадан мормирусқа оралады. Жаңғырықты мормирус арқа қанатының түбінде орналасқан жаңғырық қабылдағышпен қабылдайды. Сөйтіп, айналасындағы затты көрмей-ақ, мормирус сезе алады. Міне, тіршілігі үшін мормирусқа табиғат сезгіш радарды сыйға тартқан.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.