Ежелгі өнер

Керамика – ең ежелгі өнерлердің бірі. Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген.

Алғашқы заман адамдары әлгінде үй қыш құмыралардың сыртына ою-өрнек салатын болған. Осылайша адамдар сазды шарыққа салып, ыдыстар жасауды үйренген. Ол үшін әбден иленген балшық дөңгелек табақшаға қойылады да, шарық шыркөбелек айналдырылады, сонда саз балшық өз-өзінен күпсіп көтеріліп, құмыра кейіпке түседі. Сырт көзге оңай көрінгенімен, керамика ептілікті, шеберлікті керек етеді.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.