Қадірлі айтыс сүйер ағайын!

Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтетін жыр сайысының мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл өнеріміздің өркен жайғаны сонша, бір отбасынан бірнеше мықты айтыскер шығып отырғанын дәріптеу.
Бұл додада Егеухан Мұқамәдиқызы немересі Ардагерей Кәпұлымен, Бекарыс Шойбеков­ інісі Дәуренмен, Рүстем Қайыртайұлы әкесі Қайыртаймен, Иранғайып Күзембаев ағасы Талғатпен, Дидар Қамиев інісі Ұланғасырмен, ­Ержан Әміров інісі ­Бекжанмен, Амангелді Панабердиев­ ағасы Серікболмен айтысады. Кештің арнайы қонағы – Төреғали Төрәлі.
Отбасындағы тәрбие, ата мен ананың үлгісі, сыйластық пен жарасым, ауыл мен қала тұрмы­сын­дағы ерекшеліктер, нарық заманына бейімделудің көріністері, бала тәрбиесі, жаңа, жас ұрпаққа білім берудің өзекті мәселелері секілді іргелі тақырыптар айтыс өзегіне айналады. Тапқырлық, ұтқырлық, көркемділік, суырып салу – айтысты бағалаудағы басты талаптар.
Айтыстың бас демеушісі – «Nur Otan» партиясы. Ақпараттық қолдау көрсетуші «Қазақстан» Ұлттық арнасы.
Жыр жәрмеңкесін бірге тамашалайық ағайын! Айтыс­ Алматы қаласында 30 қыркүйек күні ­«Республика сарайында» сағат 19:00-де басталады.
Билеттер: Алматы қаласындағы барлық кассаларда сатылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.