«Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2019 жылғы «18» қазан күні сағат: 14:00-де Бейнеу ауы­лы, Д.Тәжиев көшесі аудандық әкімдік ғимаратының 2-қабатында жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршруттар) шығарылады: №1ЛОТ – «№4» маршруттарының пакеттері шығарылады.
Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi аудандық әкімдіктің 2-қабатына «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынуы тиiс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдау конкурс жарияланған күннен басталады және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2019 жылғы «07» қазан.
2019 жылғы «13» қыркүйекте конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

Анықтама алу үшiн телефондар: 2 20 41; 2 22 68.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.