Музей мәдениеті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жобасы аясында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ашық есік күні үлгісінде «Музейлер шеруін» өткізді.
Жоба мақсатына музейдің мақсатты аудиториясын кеңейту; келушілермен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін енгізу; музейлерді мәдени қызмет орны ретінде дәріптеу; ұлттық мәдени мұраны қалың көпшілікке таныстыру; осындай акцияларды өткізуге облыстық, қалалық және ведомстволық бағынышты музейлерге бастама беру сынды бастамалар кірді.

«Музейлер шеруі» акциясын өткізу үшін музей залдарымен бірге, оның төңірегіндегі аумақ та іске қосылды. Акцияны өткізген барлық уақыт бойы аумақта келушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз ету үшін фудкорт жұмыс істеді. Би ұжымдары мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетті, шығармашылық шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңкесі өткізілді.
Акция Қазақстан өнеріне арналды. Келушілерді музейдің Қазақ­стан­ның сәндік-қолданбалы өнері және бейнелеу өнері, Әбілхан Қастеев­тің мемориалдық залдары бойынша тегін тақырыптық экскурсиялар аса қызықтырды. Қазақстандық белгілі мүсінші Сәкен Нарыновтың мүсінінің салтанатты ашылуы қызықты да қызу өтті.
«Музейлер шеруі» акциясына му­зейге ҚР Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр жағдаймен танысып, келушілерден олардың осы шара жөнінде не ойлайтындарын сұрады. Министрдің акцияға қатысуы ­музей қызметкерлерінің осы акцияның міндеттерін түсіністікпен қарауына ықпал етті. Министрге көп нәрсе ұнады. Жаңа технологиялық жетістіктер талқыланды. Министрді музеймен таныстыру туры кезінде музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева, директордың әкімшілік мәселелері жөніндегі орынбасары Нұржан Сатыбалды және музейдің басқа да қызметкерлері бірге болып, әртүрлі мәселерді талқылады.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.