Тұтастық туы

Ахмет Байтұрсыновтың «Атадан балаға мирас боп екі-ақ нәрсе қалады. Біріншісі, бай тіл, екіншісі, байтақ жер» деген аталы сөзін тілге тиек етер болсақ, тіл – ұлттың рухы мен айбынының басты нышаны һәм құндылығы екендігі анық.

Осы орайда таяуда Батыс Қазақ­стан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жоспарына сәйкес Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан драма ­театрында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» атты жалпы­халықтық тіл фестивалі ұйымдастырылды.
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының қойылымымен шымылдығы түрілген фестивальде облысымыздағы этномәдени орталықтар көрмерелерін ұсынып, өнерпаздары мемлекеттік тілде ән шырқады.
Сонымен қатар кеш қонақтары, әншілер Қуандық Рахым, Ұшқын Жамалбек және Батыс Қазақстан облысының өнер майталмандары, ұлттық этностық орталықтардың өнерпаздары өнерлерін ортаға ­салып, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Фестиваль барысында өңірімізде елеулі еңбек етіп жүрген тіл ­жанашыларына түрлі сала бойынша атқарған еңбектері ескеріліп, облыс әкімінің, Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Рафхат Халелов
ОРАЛ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.