Нақты тапсырмалар берілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа тұңғыш Жолдауын ­жариялады. Мемлекет басшысының елдегі ішкі-сыртқы ахуалға байланысты басты ұстанымын байқатып, маңызды шешімдерін жария ететін бұл Жолдау – тарихи миссия арқалаған, саяси мәні жоғары стратегиялық құжат.  

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы­ның акт залында өткен алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог­ – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының қалай орындалатыны туралы кеңінен айтылып, білім, шағын және орта бизнес, еліміздегі зейнетақы жүйесін ­дамыту, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелер сөз болды.
Шекарашыларға Жолдауды түсіндіруге келген Алматы қалалық мәслихатының ­депутаты, «Q3» инвестициялық холдингтің бас директоры Қайрат Құдайберген мен «Нұр-Отан» партиясы Алмалы ауданы филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Альбесинов Жолдауда айтылған бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталды.
Жолдаудағы Президенттің қауіпсіз­дік мәселесі, сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар, азамат­тардың құқықтарын қорғаудың және олар­дың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы туралы айтылған ойлары­ шекара­шылардың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар зейнетақы жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мысалы,­ азаматтардың зейнетақы жинақ­тарын пәтер алуға немесе білім алуға пай­да­лануына рұқсат етуге қатысты Президенттің Үкіметке берген тапсырмасы ха­лық­тың қолдауына ие болған. Бүгінде зей­нетақы жинағының жетіспеушілігінің онша сезілмейтіні, алайда 10 жылдан кейін жағ­­дайдың өзгеруі мүмкін екені сөз болды.
Президент жаңа реформаларды тек реформа жасау үшін ғана емес, нақты нәтиже үшін жасалуы керектігін, жаңа бастамалардың көшеде емес, Парламент қабыр­ғасында қаралуы керектігін орынды көтерді.
Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керек. Мемлекет басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ Қайрат Құдайбердіұлы Жолдаудағы жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек» дегенін де тілге тиек етті.
Нұротандық депутат Қасым-Жомарт Кемелұлының микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке тапсырма бергенін де назардан тыс қалдырмады.
Қорыта айтқанда, депутат Қ.Құдайбер­геновтың ойынша, Президент­тің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын­да елдегі ең өзекті мәселелер­дің бәрі қамтылған. Яғни бұл дегеніміз – Президент жағдайды бақылап, біліп отыр дегенді түсіндірсе керек.

Жанат ЖАБЫРБЕКОВ,
ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.