Достық – басты байлығымыз

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мемлекет ретінде өзін таныту және болашақ дамудың сенімді векторларын айқындау да оңай болмады?! Тәуелсіз Қазақстан – қоғамдық тұрақтылығын қоғамның демократияландыру және жаңғыртудың терең үрдістерімен біріктіріп, экономикалық және саяси реформаларды табысты үйлестіре білген қарқынды дамушы ел. Республиканың жетістіктері туралы айтқанда, Қазақстанның қарқынды дамуының негізгі тірегі этносаралық және конфессияаралық келісім екендігін ұмытпау маңызды. Этносаралық қатынастардың барлық мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Тілдер туралы заңда құқықтық көзқарастан бастап анық жазылған. Маңыздылығы, мемлекетімізде адамды этностық сипаты бойын­ша құқығын кемсітетін ереже жазылған бірде-бір заң жоқ.

Елімізде ешкім жынысына, нәсіліне, тіліне, дініне, нанымдарына, мекенжайына немесе өзге жағдайлар бойынша кемсітілмейді. Қазіргі заманғы болмыстарды ескеріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2015 жылы 23 сәуірде Астана қаласында «Мәңгілік Ел: бір ел, бір тағдыр» күн тәртібімен өтті. Ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халықтың бірлігі – қазақстандық ұлттық рухтың бастауы.­ Біздерді ортақ үйіміз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік, ежелгі жеріміздің тарихына және тілдерді дамытуға қатысты қоғамдық келісіміміз, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге деген терең сенімі біріктіреді. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осылар.
Мемлекет дегеніміз – ұлт, ал оның басты құндылығы – мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді білу – әр азаматтың парызы мен міндеті, бәсекелестіктің басты кепілі, қоғамдағы әлеуметтік баспалдақ. Үш тілді меңгеру – жаһандық өмірге берілген жолдама, адамның табыстылық қағидаты. Сондықтан үш тілде білім беруді дамытудың жол картасы әзірленеді. Қазақстан әлемде жоғары білімді ел, халқы үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық тіл және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға табысты интеграциялану тілі деп қолданатын ел ретінде танылуы керек. Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұлттық саясатты, этносаралық және дінаралық диалогты жүзеге асырудың бірегей әрі тиімді тетігі құрылған. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған аталған орган этносаралық қатынастардағы жарасымдылықтың орталық буыны болып табылады және саяси тұрақтылықты орнықтыруда, қоғамдық келісім мен тыныштықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның әр аймағында қызмет етіп отырған көптеген этномәдени орталықтар мен бірлестіктер қоғамымызда елеулі орын алады. Қазақстандық бірегейліктің одан әрі нығаюына алып келетін Елбасының алдымызға қойған міндеттерін – Бес институттық ­реформаны, «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарын орындау – басты парыз. Мемлекеттің қоғамдық бақылау жүйесінде Ассамблеяның ерекше рөлі айқындалды. Елде мультимәдениетті, көп конфессиялы, көп этникалы қоғамда бірлікті сақтау мен нығайтудың бай әрі бірегей тәжірбиесі жинақталды. Барлығы жиналып келе Қазақстан халқының бірлігі үлгісін құрайды. Қазақстан халқы жалпыұлттық бірлігінің негізінде патриотизм, Отанға құрмет пен сүйіспеншілік, жасына, әлеуметтік мәртебесі, діни нанымы мен ұлтына қарамастан, әрбір адамға жақын және түсінікті құндылықтар мен идеалдар тұр. Әлеуметтанулық зерттеулердің мәліметтері бойынша, сауалнамаға жауап берушілердің 95,0 пайызы өздерін біртұтас халықтың өкілі, ал 94,2 пайызы Қазақстанның азаматтарымыз деп санайды. Олардың ішінде республиканың корейлері де бар. Қазақстанда тұратын корейлер тарихы «табу» болудан қалды және тәуелсіздік алған уақыттан бастап, Қазақстан мен Орта Азиядағы корейлердің жер аударылуы мен орналасуы туралы көптеген кітаптар, мақалалар, газет-журнал басылымдары жарыққа шықты. Соғыстан кейінгі тарих, еңбектегі атқарған қызметтері, этникалық мәдениет, тілдік мінез-құлықтың кейбір мәселелері ­барынша кеңінен танылды. Қазақстандағы Корейлер ассоциациясының вице-президенті ретінде қоғамдық жұмыстардағы парызы тұрғысынан барша корей диаспорасына қатысты оқиғалар бағамында үнемі болып қана қоймай, сонымен­ қатар әлеуметтік-мәдени процестердің көкейкесті мәселелері мен тенденцияларына мониторинг жүргізіп, материалдар мен құжаттарды ықтиятты түрде мұрағаттау маңызды. Бұл тақырыпта түрлі басқосуларда тиянақты баяндамалар жасап, мақалаларын ғылыми журналдар ғана емес, сонымен бірге БАҚ-та да жариялап келеміз. Ең бастысы, қасиетті қазақ жеріне қоныстанған корейлер үнемі қазақ еліне алғыс айтудан шаршамайтын. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық Кеңесінің (ҒСК) жұмыстарына көп жылдар бойы қатысуы мемлекетті тұрақты түрде басқарып отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ниетімен жасалған бірегей мемлекеттік институцияларының барлық маңыздылығы мен көпқырлылығын тереңінен түсінуге мүмкіндік берді. Әр корейдің жүрегінен шыққан алғысы жас және қарқынды түрде ­дамып келе жатқан егеменді Қазақстанда тұратын әр азаматқа арналады.
Бір ерекшелігі – Тәуелсіз елімізде әр этнос өкілі өзінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кейінгі ұрпаққа айна-қатесіз жеткізе алуында. Міне, біздің мемлекет әр этнос өкілдеріне осындай үлкен әрі қымбат сый жасап отыр. Сол үшін де біздің алғыс Алатаудан да биік.
Корей ұлтының көбі Алматы облысының Қаратал ауданына келіп қоныс тепті. Қиын-қыстау кезде жергілікті халық қолында бар бір үзім нанды бөліп беріп, қолынан келгенше көмегін аяған жоқ. Соның арқасында біз аман қалдық. Қазақ халқының ауызбіршілігі мен қамқорлығын біздің ата-бабаларымыз және біз содан кейінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпаймыз. Тіпті жыл сайын Алғыс айту күнінде Корея мемлекетінен билік басындағы азаматтар келіп, қазақ халқына алғыс айтуды әдетке айналдырған. Біздің аман қалып, бүгінгі таңда ұрпақ өсіріп, жергілікті халықпен бірге еңбек етіп, биікке жетіп жатқанымыз тек қазақ халқының арқасы. Біз Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатқанымызды зор мақтанышпен айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Герман КИМ
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.