«Сырлы әлем» жаңғырығы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық Қызылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде «Сырлы әлем» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өтті.

Байқау Қазақстан Республикасының ­т­ұң­ғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, Жастар жылын атап өту, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың өнерін насихаттау, қолдау білдіруді мақсат еткен.
Байқауға барлығы 35 өнерпаз қатысты. Оның ішінде алты өнерпаз – ән жанры бойынша,­ алтауы­ – көркем сөз оқудан, 23-і қолөнер бойынша сайысқа түсті. Барлық өнерпаздар Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, ­аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Б.Біләловтың Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар «Asia Damu Invest Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен «Ақтау» ойын-сауық орталығына жолдама берілді. Балалар мен жастарға қуаныш сыйлап, қолдау көрсеткен Мұнайлы ауданы­ әкімдігі мен «Asia Damu Invest Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айнұр Қасымоваға алғыс білдіреміз.
Айта кетейік, Мұнайлы ауданында 3900 мүгедек бар, оның ішінде 18 жасқа дейінгі ­балалар мен жастардың жалпы саны – 1143 адам.
Көпшілік мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін көрсетуге, қоғамның толық мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік беретін осындай­ ­шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деп тарқасты. Жүздерінде бал-бұл жайнаған қуаныштың белгісі бар байқау қатысушылары шара соңында естелік суретке түсіп, өзара қуанышын бөлісті.

Күмісай ЕРКІНБАЕВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.