Өнегелі өмір

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, аталған оқу орнының түлегі Бижамал Рамазанқызына арналған «Тағылымы мол ғұмыр» атты танымдық дәріс өтті. Дәріске зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен студенттер қатысты. 

Алдымен сөз алған ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Бижамал­ Рамазанқызының өмір жолы мен мемлекетке сіңірген еңбегін қысқаша баяндап өтті.
«Бижамал Рамазанқызы аңызға айналған тұлға. Жастар көп біле бермейтін шығар, осында отырған аға буын біледі. Біз жас кезімізде республикалық газеттердің бетіне Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің бір қаулысы шығатын болса, сол жарлықтарда Президум төрағасы ретінде Сабыр Ниязбеков жазылса, астына әр уақытта хатшы болып Бижамал Рамазанқызының аты және қолы тұратын» деді.
Бижамал Рамазанқызы кезінде Азия және Африка елдерімен Ынтымақтастық ұйымы Қазақ комитетінің төрайымы болды. Қа­зақстанды танытуға және шетел­дік қонақтарды Қазақстанда қарсы алуда лайықты іс-шаралар ұйымдастыра білді.
ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанында Бас архив басқармасына жетекшілік етті, бұл қызметте де өзінің жан-жақты, талантты басшы екенін танытты.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін жоғары оқу орындарында дәріс оқыды, ұзақ уақыт Алматы­ қалалық республикалық ардагерлер кеңесі құрамында ­болып, тәрбие жұмысына белсене қатысты.
Кездесуде кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері О.Қарабалина-Қозыбаева, Ғ.Бибатырова, Ш.Беркімбаева, ҚР ҰҚА академигі Е.Шайхутдинов, жазушы С.Досанов, ҚР Ор­талық мемлекеттік архиві бөлі­мі­нің бастығы А.Шалабаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық ­ака­де­мия­сының профес­соры М.Шәймерденова сөз алып, ­Бижамал Рамазанқызының тұлғалық келбетін ашатын есте­ліктерімен бөлісті.
Кездесудің кейіпкері Бижамал Рамазанқызы екі дәуірдің куәсі болған, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін де, тәуелсіздігін де көрген, халықтың құрметіне бөленген ел анасы.
Кездесу соңында Б.Рамазанова­ның өзі сөз алып, бүгінгідей басқо­су­ды ұйымдастырған университет бас­шылығына ризашылығын білдірді.

Ақбота ҚУАТОВА
«Ана тілі»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.