Біліктілік байқауы

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен оқытушылар арасындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті.

Басты мақсат – Ахмет Байтұр­сын­ұлы­ның ғылыми-педа­го­гикалық мұ­раларынының сабақ­тастығын жалғастыру, сондай-ақ ұлы тұлғаның әдістемелік идеяларын, қазақ тілінің мем­лекеттік тіл ретіндегі мәр­тебесін ұлықтау мен қолданылу аясын кеңей­тудегі оқытушылар ісін дәріптеу.
Ашылу салтанатында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орта­лығының бас директоры Әлібек Асқар: «Бұл байқаудан күтіп отырған нәти­жеміз – қазақ тілін оқыту­дың инно­вациялық әдіс-тәсілдерін анықтау және тарату, оқыту­шы­лар­дың кәсіби біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру» деді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты­ Абай Тасболатов, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау төріне бірінші болып ақтөбелік Алтынгүл Тәңірбергенова, қызылордалық Әсел Бақытова, нұр-сұлтандық Еркебұлан Ерболатұлы, павлодарлық Қазына Қадас, қара­ғандылық Мунира Ағымбаева, ­батысқазақстандық Индира ­Баймолдина, атыраулық Әйгерім Қойтановалар көтеріліп, өздерінің электрондық портфолионы таныс­тыру және педа­гогикалық-психо­логиялық жағдаят­тарға арналған тапсырмалары мен озық сабақ үлгілерін көрсетіп, әдіс-тәсіл­дерін көрермен назарына ұсынды.
Ал филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА кор­респондент мүшесі Шерубай­ Құрманбайұлы бастаған әділ қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Бас жүл­дені Рудный қаласы «Қалалық тілдерді оқыту орталы­ғының» оқытушысы Жанат Досубаева­ жеңіп алды. Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы Руханият орталығы идеологиялық жұмыстар және жобаларды жүзеге асыру­ бөлімінің басшысы Еркебұлан Ерболатұлы, екінші орынды Қара­ғанды облысының Тілдерді оқыту орталығының оқыту­шысы Мунира Ағымбаева, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді оқыту орталығының оқы­тушысы Әсем Мамыранова ие­ленді. Ынталандыру сыйлығымен Қызылорда облысы Тілдерді оқыту орталығы оқу-әдiстемелiк бөлімінің басшысы Әсел Бақытова, Жамбыл облысы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ақмарал Тұрсынбекова, Шымкент қаласы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова марапатталды. Барлық байқауға қатысу­шыларға сый-сияпат жасалды.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.