Еріктілердің белсенділігі қандай?

ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» мемлекеттік гранты аясында сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі еліміздегі еріктілер белсенділігін нақтылады. 

Сауалнама нәтижесінде қазіргі таңда республика көлемінде 222 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істейтіні анықталды. Жергілікті ат­қарушы органдардың ақпаратына сәйкес, волонтерлік қызметке 50 мыңнан аса адам қамтылған.
Аймақтардағы еріктілер қызме­тінің негізгі бағыттары мынадай:
– Білім беру, мәдениет, қор­шаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызды аурулардың таралуына қарсы іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
– Өмірдегі қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысу;
– Спорттық іс-шараларда ­во­лонтерлік қызмет көрсету;
– Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге қатысу, паллиативтік көмек көрсету;
– Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу.
Сондай-ақ Алматы қаласы бо­йынша жүргізілген мониторинг аясында «Depo Evolution Park» жастар Лофт-орталығында Open space кеңістігінде еріктілер үшін волонтерлік корпус жұмыс істейтіні анықталды. Бұл қоғамның опе­раторы — «Еріктілер лигасы» қо­ғам­дық қорының жастар ұйымы.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық ­во­лонтерлік желі» ЗТБ-мен бір­лесіп еріктілер қызметін дамыту бо­йынша функционалдық онлайн-плат­форма әзірледі.
Qazvolunteer.kz онлайн-плат­фор­масы еріктілердің өзара іс-қимыл арналарын жақ­сарту, еріктілер мен еріктілер ұйым­да­рының қызметін үйлестіру, ­жо­баларды, бағдарламалар мен ак­ция­ларды және т.б. ақпараттық қол­­дауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.

Аружан ТАНАБЕКОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.