«Ел үлесі – пәтерге»

Бүгінде еліміздің әр аймағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы  жалғасуда. Осыған дейін аталған игі бастама  аясында Алматы облысы аумағындағы тұрмысында қиыншылығы бар көп балалы және жетім-жесір, мүкіндігі шектеулі жандардан 100-ден астам адам баспаналы болған.

Жақында 123-ші баспананың кілті Талдықорған өңірі Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының тұрғыны Зәуреш Ақбергеноваға табыс етілді. Осыдан жарты жыл бұрын Зәуреш Төлеутайқызының жары қайтыс болып, 3 баламен жесір қалады. Тағ­дырдың ­жазуымен арқасүйер ота­ғасынан айырылып, үй-күйсіз қалған жесір ана мен жетім балаларға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспаналы болу нәсібі бұйырыпты. Көксу ауданының бас имамы Еділбек қажының және ауыл имамы Едіге, аудан­дық «Зекет қорының» өкілі Ба­­қыт­тың ұйытқы болуымен жалпы жамағат ол отбасыға қол ұшын беріп, тиісті көмек көр­сетті. «Көп түкірсе – көл» деген.­ Көп өтпей аймақтағы қор жетек­шілері мен имамдар мұқтаж отбасыға жиналған қаражатқа ауыл орталығынан бір үй сатып алып беріп, газ және басқа да жаб­дықтармен қам­тамасыз еткен.­ Игі бастама бұдан былай да жалғасын табады.

Е.ЖАРАС
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.