Достықтың алтын көпірі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Әзірбайжан дүниесі» атты халықаралық журналдың  20 жылдық мерейтойына орай  басылымның Қазақстанға арналған кезекті санының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. 

Жиналған қауымға аталмыш журнал­дың маңызы жайлы айтылып, Қазақстан мен Әзербайжан халқының туыстық, бауырмалдық қарым-қатынасы сөз болды. Сондай-ақ құрметті қонақтар өздерінің жүрекжарды ыстық лебіздерін білдіріп, журналдың болашағына сәттілік тіледі.
Жиынның құрметті қонағы Олжас Сүлейменов Түркі әлемінің ең жоғарғы марапаты «Отанның ұлы» атты алтын­ медальмен марапатталды. Бұл қос мемлекеттің өзара достығының тағы бір куәсі.
Қазақстан мен Әзербайжанды көп құндылықтар байланыстырады. Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен түркі әлемі үшін көп дүние жасалды. Өйткені бауырлас елдермен тарихымыз, мәдениеттеріміз ұқсас. «Қорқыт ата» қорының қолдауымен жарыққа шығып келе жатқан журналдың Қазақстанға арналуының да өзіндік себептері көп. Олай болса, бауырлық, достық қарым-қатынастарымыз жандана берсін демекпіз.

Аяулым Жидебаева
АЛМАТЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.