Темпера

Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.
Гуммиарабиктен жасалған темперамен қағазға сурет салынады және ол гуашьқа ұқсайды. Екінші бір түрі майлы бояуға ұқсайды. Суретші оны майлы бояу жағатын қылқаламдармен кенепке сурет салуға пайдаланады. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалған темпера қолданылады.
Темпера бояулары кепкен сайын ашық реңк таныта түседі. Темперамен салынған суреттер жылтырап тұрмайды, биязы өң танытады. ХІІІ-ХІV ғасырларда Италияда Джотто деген ұлы суретші өмір сүрген. Оның Інжіл тақырыбындағы «Яков бақташылар арасында» деген фрескасы темпера өнерінің әлемдік алғашқы туындысы деуге болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.