Тарихтан – тағылым

Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ Мемлекет тарихы институты­ ­«Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қарым-қатынас тәжірибесі: аймақтық Ассамблеялардың және Достық үйлерінің мұрағат құжаттарындағы қызметі» атты ғылыми семинар өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хат­шылы­ғының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Ассамблеяның «Киелі мұра: Ұлы дала елі» атты жаңа тарихи-экологиялық жобасы елор­далық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқанын, жобаның мақсаты – жалпы мәдени-тарихи және рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту екенін атап өтті. Мемлекет тарихы институтының «Деректану,­ тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің басшысы Ғани Қарасаев тоқсаныншы жылдары басталған деректер базасын қалыптастыру жұмыстарына тоқталды. Жиын ­барысында Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод­ Пулатов,­ Мемлекет тарихы институтының ғалымдары Құндызай Ерімбетова, Марал Қалиева, Алима­ Ауанасова, Қанат Еңсенов сөз сөйледі.
Қ.Ерімбетованың айтуынша, 90-жылдардағы еліміздегі тұрақтылық Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында сақталды. «Сол кезде көші-қон мәселелерін бір ізге түсіру қажет болды. Ассамблеяның өңірлердегі жұмысының, халыққа дұрыс түсіндіруінің нәтижесінде біз тұрақтылықты сақтадық. Біз 1993 жылдан бастап, тарихи демография және шынайы деректер құндылығы мәселелерімен айналысамыз» деді ол.

Жансая Играшина

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Тұяқ Айтақынұлы

    Құрметтi Қазақ елi тiл мамандары латын әлiппиiне көңшуде компиютер тақтасындағы әрiптердiң
    дыбысталуын бұзбай қолдануға баса мән берген жөн. мысалы: у әрiбi тақтада и ретiнде дыбысталады. оны ы әрiбiнiң орнына қолданудың қисыны жоқ. бiзше болғанда жуан дыбысты ы ның орнына е ны, жiңiшке дыбыстыға i нi қолданған жөн. ал и дiң орнына тақтадағы y дi қолдана беремiз(жуан, жiңiшке дыбыстыларға бола бередi). сонда бiр қыдыру мәселе щешiмiн табады. ал Қазақ тiлiнде н мен ң көп қолданылатын болғандықтан ң орнына тақтадан ng қосар әрiбiн қолданған жақсы деп қараймын. Құрметпен: шинжаң Күйтүн қаласы Тұяқ Айтақынұлы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.