Сөз өнерінің дара саңлағы

Бұл күндері елімізде әйгілі жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығы атап өтілуде.
Біз алдымен М.Әуезовтің «Абай жолын» айтатын болсақ, одан кейін ауызға ілігетіні Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері». Аталған трилогия әлемнің отыз бес тіліне аударылды. Бұл сөз жоқ, шығарма авторы үшін де, сонымен бірге осындай ірі суреткерді өмірге әкелген қазақ халқы үшін де мақтаныш.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­­­­стан­­ның­ халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойы­мен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өр­кендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген Өзіңізді үнемі мақтан етеміз» делінген жеделхатта.
Сонымен қатар жазушының «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары қазақ көркемсөзінің алтын қазына­сына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғаны жайында да айтылған. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүниежүзі танығанына да тоқталған.
«Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы Сіздің қайта­ланбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз» деп жазды Мемлекет басшысы.
Президент мерейтой иесіне «Жазушылық жолыңыз, ғибратты ғұмырыңыз жалғаса берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін» деген ықыласын білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.