Білім – ізгілік жолы

Келер жылы әлемге әйгілі ғұлама-ғалым, философ әл-Фарабидың 1150 жылдығы екені баршамызға мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаны мемлекеттік деңгейде атау туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Бүгінгі таңда ойшылдың мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу, еңбектерін жас ұрпаққа таныту мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

Бұл орайда ғалымның есімімен аталатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де маңызды жұмыстарға өз үлесін қосуда. Ұлы тұлғаның есіміне сай болу жолында университет әрдайым сапалы білім беруге күш салып, рейтингтік көрсеткіштерін жоғарылатуға мән береді. Мәселен, соңғы бес жылда қазақстандық ЖОО-лардың ішінде алғашқы болып, «QS«World University Rankins» рейтингісінде 350-ші орынға көтерілді. Дүниежүзіндегі 800 университеттің ішінде Қазақстандағы жоғары оқу ордаларының ішінде алғашқы болып ТОП-250 арасында 220-шы орынды иеленуі де білім сапасының көрсеткіші деп айтуға болады.
Білім ордасының қабырғасынан шыққан түлектер Қазақстан мен шетелдерде жемісті еңбек етіп, дүниежүзілік табыстарға жетуде. Көп жылдық тарихы бар ордалы оқу орны мемлекеттік, халықаралық стандартқа сай маман дайындап, жоғары білім берудегі жаңа технологияларды енгізуде өзгеге үлгі болып отыр. Университеттің бұдан өзге де жетістіктері аз емес. Білікті ға­лымдар, танымал тұлғалар қызмет істейтін оқу ордасының басты мұраты да – әл-Фараби бабамыздың білім мен ғылымдағы аманатына, биік мақсат­тарына сай болу дер едік.

Эльмира АКТУРЕЕВА,
Қаржы және есеп кафедрасының
аға оқытушысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.