Жаңа әліпбидің қажеттілігі мен маңызы

Қазіргі таңда барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі –  қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Қазір қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылып жүр. «Латын әліпбиіне көшу керек пе? Латын әліпбиі бізге неге қажет?» деген сұрақтар тек газет беттерінде, телехабарларда талқыланып қана қоймай, сондай-ақ, интернет желісінде де жазылып жүр. Халық арасында да кең талқылану үстінде.

Қазақ әліпбиін латын жазбаға көшу туралы мәселені Қазақстан Респуб­лика­сының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп айтқан еді. Білім беру жүйесінде жаңа әліпбиді енгізуде әдістемелік база мен мұғалімдер дайындаудың қажет­тігін көрсетіп, Үкіметке кезең-кезеңі­мен көшіруге жоспарын әзірлеуге тапсырды.
Тіл саласының білікті мамандары латын әліпбиіне көшу мәселесін ғы­лыми тұрғыдан жан-жақты қарас­тыра отырып, әліпби үлгісін жасақтады. Қазіргі уақытта жаңа графикада әліпби бекітіліп, оны үйретуге дайындық басталды. Бүгінгі таңда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жұртшы­лыққа насихаттау және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шара жоспары» негізінде ауданда іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Жылыой ауданында латын әліпбиіне көшу туралы бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Соның ішінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, ашық шаралар өткізілді.
Жаңа әліпбиді халық санасына сіңіру, бейімдеу, дағдыландыру, жастарымыздың білім деңгейлерін латын қарпі бойынша дамыту мақса­тында Жылыой ауданы мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­тамасымен жалпыхалықтық диктант шарасы ұйымдастырылған болатын. Дик­тант жазуға мәдениет қызметкерлері, ­студенттер, мекеме қызметкерлері қатысты. Барлық қатысқаны 10400 адам болды. Аудандық Жастар ресурстық орта­лы­­ғының ұйымдастыруымен «Латынға қөшу – уақыт талабы» тақырыбы бойын­ша жастар арасында диктант өтті. Қоры­тын­дысы бойынша Жылыой мұнай және газ кол­леджінің 5 студенті жоғары баға алды. Мектеп оқушылары арасында, студенттер арасында да «Латын қарпіне көшу керек пе?», «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыптарында ашық сабақтар, шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» атты шара ­Жылыой мұнай және газ технологиялық және Құлсары гуманитарлық техникалық колледждерінде өтсе, халыққа латын әліпбиінің қаншалықты маңызды екені туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйтқы болуымен «Латын қарпіне көшу – ұлт болып шешетін мәселе» тақырыбы бойынша жастар арасында пікірталас ұйымдастырылды.
Жылыой ауданы мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің ұйымдас­ты­руы­мен маусым айында «Латын әліп­биіне көшу мәселесі» атты семинар өтті. Шараға ауданның ардагерлері, зейнет­керлері, ұстаздары, мемлекеттік қызмет­шілері, колледж студенттері, мектеп оқушылары, аудандық газетінің тілшісі, мекеме қызметкерлері мен кітапха­нашылар қатысты. Семинарда халыққа латын әліпбиінің әріптері мен дыбысталуы, жазылуы мен айтылуы туралы слайд арқылы түсініктер берілді. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі» атты әдістемелік парақшалар тара­тылды. Мемлекеттік қызметшілер арасында «Латын әліпбиі- баршаға ортақ» тақырыбы бойынша сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша ­латын әрпіне көшу қажет екендігі жүз пайыз анықталды.
Қазіргі таңда аудан бойынша көше атауларының, асханалардың, меке­ме­лердің, бөлімдердің тағы басқа нысан­­дардың маңдайша жазуларын, жар­­намаларын, көрнекі құралдарын латын әліпбиіне көшіру жұмыстары ұйым­дастырылып, жалғасуда. Атап айтсақ, Құлсары қаласындағы орталық базарға қарсы бетте «Qulsary» деген көрнекілік құрал орнатылған болса, орталық алаңда «Kieli meken – keń Jylyoi» деп жазылған көрнекілік құрал бар, Атырау тас жолын­дағы асханадағы маңдайша жазу мен көрнекілікте латын әрпінде: «Ashana» деп жазылған. Аудан, қала әкімдіктерінің, бөлімдердің маңдайша жазулары, көрне­кіліктері латын әріпінде жазылған. Мысалы, аудан әкімдігінің (Jylyoi aýdany ákiminiń apparaty), Жаңа Қаратон кенті (Jana qaraton kenti), Қосшағыл ауылдық округі (Qosshaǵyl aýydyq okrýgi akimi) әкімдіктерінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық экономика және қаржы, аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау және тағы басқа бөлімдерінің көрнекілік құралдары латын әрпінде жазылған.
«Кең Жылыой» аудандық газетінде латын әліпбиін насихаттау, тұрғындарға латын графикасына кезең-кезеңімен көшуді түсіндіру мақсатында «Латынға көшкенше сабыр сақтайық», «Латын графикасына негізделген қазақ тілі», «Латын әліпбиінен диктант» тақырыптарында мақалалар жарияланып, түсіндіру жұмыс­тары жүргізілуде. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жұртшылыққа насихаттау мақсатындағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Ү.КЕНЖИНА,
Жылыой ауданы мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Атырау облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.