Жаяу жүрудің пайдасы

Жаяу жүріп бой жазу – ең жақсы жан қиналмайтын дене тәрбие түрі. Көптеген зерттеу нәтижесіне қарағанда, түрлі уайым мен дерттің, семіздіктің алдын алады. Зейінді арттырады.
Егер «әйел адам 4 сағат жаяу жүрсе, миға қан құйылу мөлшерін 4 есе төмендетеді екен. Соңғы зерттеулерге қарағанда, Испания зерттеушілері ­90-шы жылдардың орта мезгілінен бастап, 33 мың сынаққа қатысқан ер-әйелге дене тәрбиесі және денсаулық жағынан көлемді тексеру жасаған. 12 жылдық зерттеу қызметі барысында сынаққа қатысқандардың ішінен жалпы 442 адамның миға қан құйылу ауруына шалдыққанын байқаған. Ал аптасына 210 минут жаяу жүрген әйелдердің миына қан құйылу қатері спортпен шұғылданбайтын әйелдермен салыстырғанда төмен болған. Үнемі жаяу жүретін әйелдердің миына қан құйылу қатері 44 пайызға төмендеген. Ал спортпен үнемі шұғылданатын ерлерде миға қан құйылу қатері байқалмаған. Осы сынақ нәтижесі дене әрекетімен шұғылданған жағдайда миға қан құйылу қатерінен анағұрлым жақсы сақтануға болатындығын дәлелдеп берді. Қазіргі кезде ғалымдар аптасына кем дегенде 150 минут дене әрекетімен шұғылдануды, сондай-ақ әр аптада екі жарым сағат жаяу жүруге кеңес береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.