ДИМАШТЫҢ ӘН КЕШІН «ХАБАР АРНАСЫНАН» ТАМАШАЛАҢЫЗ

Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді. Көрермен халықаралық фестивальдің эксклюзивтік арнайы ТВ-нұсқасын 22 қараша күні кешкі сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады. 

Бұл артистің Жапония елінде ал­ғаш рет өнер көрсетуі болмақ. Фестиваль ұйымдастырушылары – ­құрамы­на­ «Хабар» Агенттігі кіретін Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы. Телефестиваль бәсекелестік жарыс алаңы емес. Бұл Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік деп таныған артистерін ұсынатын алаң.
«Димаш Құдайбергеннің аудиториясы Қытай, Азия елдерінде өте көп екенін біз білеміз. Фестиваль «Хабар» телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартатын болады. Сондай-ақ Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттер де қатысады» деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина.
Жуырда Димаш Құдайберген Instagram парақшасында NHK жапон ұлттық телеарнасына берген сұхбатымен бөлісті. Сұхбат барысында ол Қазақстан елі, домбыра туралы, өзінің шығармашылық жолы мен ұстаздары жайында сөз қозғаған.
«Қазақстанда туып-өскенімді, әлемнің қай бұ­рышында болсам да, қазақтың ұлттық өнерімен сусындап, Отаным­ның намыс-жігерін бойыма сіңір­генімді мақтан тұтамын» дейді Димаш Құдайберген.

Аружан ТАНАБЕКОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.